Оқытудың дуальдық жүйесі

Предмет: Биология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Оқытудың дуальдық жүйесі        Дания, Германия елдерінде техникалық және кәсіптік білім алудың 3 жолы бар.Олар:1) кәсіпорынға үйренуші болып орналасу жолы.Мұнда кәсіпорында үйренуші болып орналасқан білім алушы еңбекақы алады және бітірген соң еңбекке орналасу мүмкіншілігі жоғары болады; 2)Аралас жол.Бұл жолмен сабақ басталғанға дейін үйренуші болып орналасуға кәсіпорындардан келісім ала алмаған оқушыларға арналған.Олар оқу жылының басында колледждерде білім алады да кейінен негізгі базалық дағдылар бойынша үйренуші болып орналасуға кәсіпорындармен келісім-шартқа отырады; 3) Оқу орындарында білім алу жолы.Бұл жол үйренуші болып жұмысқа келісім ала алмаған оқушыларға арналған.Барлық теориялық және практикалық сабақтар оқу орнының базасында өтеді.Мұндай жолмен оқыған оқушылардың оқу шығыны мемлекет есебінен өтеледі және бұл өте қымбат жол болып табылады.Аталған елдерде техникалық және кәсіптік білім алу, кадрлар даярлаудың бірінші және екінші жолы кең тараған.Оны дуальдық жүйе деп атайды.осы жүйемен Дания елінде білім алушылардың-35 пайызы, Германия елінде 85 пайызы білім алады.Дуальдық жүйе қамтылмай қалған білім алушылыр техникалық және кәсіптік білім алудың үшінші жолы бойынша білім алады.Оқушыларға талап деңгейінде білім беруге екі елдің де оқу орындарының материалдық- техникалық базасының мүмкіншіліктері толық жеткілікті.     Оқытудың дуальдық жүйесі дегеніміз- техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлауды кәсіпорын базасында үйренушілік тәсілмен жүзеге асыру болып табылады.Яғни оқушы кәсіпорында үйренуші болып жұмыс жасай жүріп, колледжде теориялық білім алады.Қорытынды аттестаттау тапсырғаннан кейін біліктілігін дәлелдейтін сертификат алады.Аталған елдерде дуальдық жүйе бойынша кадрлар даярлауға жұмыс берушілер, кәсіподақтар және мемлекет қатысады.Осы үш қатысушы кадрлар даярлау ісінде өзкрк әріптес болып табылады.  Бірінші қатысушы – жұмыс берушілер. Олар палаталарға біріккен. «Палаталар туралы» заңға сай екі елде де жұмыс берушілердің палатаның мүшесі болуы міндетті.Бұл палаталардың негізгі мақсаты бизнес қауымының өз істерін жүргізуі үшін құқықтық, салықтық, кадрлық жағымды орта қалыптастыру, ұжымдық келісім-шарттар жасау үшін келісімдер жүргізу, бизнес құрылымдар арасындағы интеграциялық процестерді қолдау болып табылады.     Кадрлар даярлау ісінде осы екі әріптес білім алушылардың дағдыларының қалыптасуына жауапты болады.Дуальдық жүйенің үшінші қатысушысы мемлекет болып табылады.Ол техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлау ісін құқықтық қамтамасыз етеді, оқу орындарын қаржыландырады, білім алушыларға әлеуметтік жағдайлар жасайды.Білім алушылардың теориялық біліміне жауапты болады.Техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлау ісі «Техникалық және кәсіптікбілім туралы» заңмен реттелген.Дуальдық жүйе бойынша кадрлар даярлау үшін Данияда өнеркәсіп палатасы мен Қол өнеркәсібі палатасы жанында техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлау жөніндегі комитет құрылған.Оның 18 мүшесі бар.6-уы жұмыс берушілер, 6-уы кәсіподақтар.6-уы мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының өкілдері.Негізгі қызметі техникалық және кәсіптік білім беруді және кадрлар даярлауды коперативті басқару болып табылады.Комитет мүшелері 3 жыл мерзімге сайланады және қоғамдық негізде ақысыз жұмыс жасайды.Комитет техникалық және кәсіптік білім беруді және кадрлар даярлаудың стратегиясын айқындайды, дуальдық жүйе бойынша оқытуға болатын мамандықтар ман кәсіпорындар тізбесі оқу бағдарламаларын, емтихан комиссиясының құрамын, қорытынды емтихан сұрақтарын, емтихан қорытындысын бекітеді, сертификат береді, мамандықтар жіктеуішіне өзгеріс енгізу туралы білім және зерттеу министрлігіне ұсыныс енгізеді.Өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік білім беруге қатысты мәселелерді қарайды.Комитеттің жұмысшы органы болып секретариат  табылады.Оеың саны 33-ке дейін барады.Секретариат дуальдық жүйе бойынша оқытуға болатын мамандықтар мен кәсіпорындар тізбесін анықтайды, оқу бағдарламаларын  әзірлейді, мамандықтар жіктеуішіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс даярлайды, емтихан комиссиясының құрамын анықтайды, қорытынды емтихан сұрақтарын әзірлейді, қорытынды аттестаттау өткізуді ұйымдастырады, емтихан қорытындысын сараптайды, ұсыныстар әзірлейді, мамандық туралы сертификат береді.Дуальдық жүйеге қатысуға іріктеліп алынған кәсіпорындарды, оқушы мен кәсіпорын арасындағы келісім-шарттарды, емтихан алушыларды, бітірушілерді және берілген сертификаттарды тіркейді.Комитет жанында жұмыс берушілердің палатаға төлеген мүшелік жарна  мен кәсіподақтардың қаражаты есебінен тәуелсіз білім қоры құрылған.Осы қор есебінен секретариат жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығындар, секретариат қызметкерлеріне жалақы және дуальдық жүйе бойынша кадрлар даярлауға қатысушы кәсіпорындардың кадрлар даярлауға байланысты шығындары өтеледі.         Өтениязова Гауһар Қайпқызы Арал көпсалалы колледжінің шеберхана меңгерушісі.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 130

Похожие материалы