Павлодар қаласы. Қазақ тілі. 4-сынып

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

4-сынып.Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Павлодар қаласы

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: тақырып бойынша оқышылардың білімдерін кенейту.

Мәтінмен жұмыс істеуге дағдыландыру.2.Тәрбиелік:туған жерін сүйуге,қадірлеуге тәрбиелеу.3.Дамытушылық:оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Тексеру

3.Сұхбат.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

ІІІ.Жаңа тақырып. Павлодар қаласы.


орталық – центр

танымал – известный

өнеркәсіпкәсіп орындары – промышленные предприятия

аймақ – регион

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  Біздің облыс орталығымыз – Павлодар қаласы. Қаланың көшелері кең және таза. Көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар жүреді. Көшелерге Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Абай Құнанбаев, Естай Беркембайұлы тағы басқа танымал адамдардың есімі берілген және  ескерткіштері орнатылған.

Қалада алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар. Біздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 11 мұражай, 2 кәсіптік театр, 251кітапхана, 3 демалыс саябағы және 209 клуб мекемелері бар.

 

1. Облыс орталығы қандай қала?

2. Қаланың көшелері қандай?

3. Көшелерге кімдердің есімдері берілген?

4. Қалада қандай зауыттар бар?

5. Қалада аэропорт бар ма?

6. Облыста неше мұражай бар?

7. Қалада қандай демалыс орындары бар?

3-тапсырма. Берілген сөздерді ілік және жатыс септік тұлғасына қойып, сөйлем құраңдар.       

 Ескерткіш, бақ, қала, көше, сәулетші

 

ІV.Қорытынды.Бағалау.

 

V.Үйге тапсырма беру. «Менің қалам» әңгіме құрастыру.

 

 

 

Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 424.8 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 144

Похожие материалы