План по казахскому языку на тему "Менің әкем мен шешем" (6 класс)
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Каниева Гулден Умиртаевна
|
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Менің әкем мен шешем.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән
дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру. Әңгіме құратып үйрету.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын
молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
Жаңа сөздермен таныстыру.
ІV Жаңа сөздер
кәсіпкер- предприниматель жүргізуші - водитель
сатушы - продавец қатал – строгий, требовательный
дәрігер - врач мейірімді - добрый
етікші- сапожник ән салу - петь
V Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құру.
Менің әкем дәрігер.
Оның шешесі- сатушы.
Сенің тааң етікші.
1- тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасап, септеу.
Атау (им.) Кім? , не? Әкем, шешем .
Ілік (родит.) Кімнің?, ненің? Әкемнің , шешемнің.
Барыс (дат.) Кімге?, неге? қайда? Әкеме, шешеме.
Табыс (вин.) Кімді? , нені? Әкемді, шешемді.
Жатыс (мест.) Кімде? , неде? қайда?, қашан? Әкемде, шешемде.
Шығыс (исх.) кімнен?, неден? қайдан? Әкемнен, шешемнен.
Көмектес (тв.) Кіммен?, немен? Әкеммен, шешеммен.
Ә-ке, 1буын, 3 әріп, 3 дыбыс, ашық буын.
Ә- дауысты, езулік, ашық, жіңішке.
К-дауыссыз, қатаң дыбыс.
Е-дауысты, езулік, ашық, жіңішке.
Ше-ше, 1буын, 4 әріп, 4 дыбыс, тұйық буын.
Ш- дауыссыз, қатаң дыбыс.
Е -дауысты, езулік, ашық, жіңішке.
Ш- дауыссыз, қатаң дыбыс.
Е- дауысты, езулік, ашық, жіңішке.
VІ Тақтамен жұмыс
VІІ Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма. Берілген сөздерді оқу, аудару.
3- тапсырма. Әкесі мен шешесінің жұмыс орнын әңгімелеу.
VIIІ Шығармашылық жұмыс
ІX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау X І Үй тапсырмасы
Сұхбаттасу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 13.25 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |