Здесь была ссылка на работу Поурочный план автора Каламова Тогжан Каиржановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақ жоспары. Күні: Сынып: 1 Тақырыбы: Хайуанаттар бағында. Мақсаты: 1. Оқушыларға,хайуанаттар бағында тақырыбын түсіндіру, хайуанаттарға байланысты сөздерді оқыту, суреттердің аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету; 2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту; 3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б. Көрнекіліктер: хайуанаттардың суреттері, ереже. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар! - Оқушыларды түгендеу; - Кітап,дәптерлерің бар ма? Тіл дамыту сұрақтарын қою: - Қазір қандай сабақ? - Қазақ тілі неше рет болады? - Бүгін аптаның қай күні? - Қандай ай? Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары: Аңдар туралы не білесідер? Аңдардың атауларын айтыңдаршы? 2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз хай уанаттар бағымен танысамыз 149 бетті ашыңдар. Мұғалім сөзі: Оқушылар, «Һ» дыбысы дауыссыз,ұяңдыбыс.мысалы: Гауһар, жиһаз, айдаһар. Мақсатымыз: Хауанаттыр бағын айту, сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену. Хайуанаттар бағымен таныспас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік. Жаңа сөздермен таныс Хайуанаттар бағы- зоопарк, орман-лес, қорқақ-трус. 1- тапсырма. Диалогті жодасыңмен оқы. - Арман сен қандай аңдарды білесің? - Аю, піл арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі,қоян, кірпі. - Арман аю қайда болады? - Піл қандай? - Піл үлкен, күшті. - Қоян қандай? - Қоян кішкентай, қорқақ. 2- тапсырма. Жұмбақты мәнерлеп оқы,шеш. Жұмбақ Тәтті көрсе, бал салар, Айнымайды баладан. Үп-үлкен боп жасқанар, Кіп-кішкентай арадан. Сергіту сәті. 3-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Біздің қалада үлкен хайуанаттар бағы бар. Хайуанаттар бағында біз автобуспен барамыз. Хайуанаттар бағында аңдар, құстар көп. Біз каникулда хайуанаттар бағына барамыз. 3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар, біз бүгін хайуанаттар бағы туралы не үйреніп білдік ? Хайуанаттар бағында қандай аңдар болады? Сен хайуанаттар бағында болдың ба? Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 152 бет, 5 тапсырма. 4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, Үй жануарлары мен хайуанаттардың айырмашылығын айтып бер. Хайуанаттар туралы тағы не білесіңдер.