Презентация на тему "Өмірде қуана білу"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: | Капарова Даметкен Зиналовна это Вы? |
🎓 Помощь в написании уникальных работ для студентов
✍ Тема работы
Тип работы
Телефон
Біз осы қуана білеміз бе? Жоғы табылған адамның қуанышы қандай? Онда өтірік, жалған не бар?
Кім не нәрсеге қалай күледі, қалай қуанады - адамдардың жан дүние тазалығын мен өзім олардың күлкісімен, қуанышымен өлшеймін. Оқып отырған басылымдарда «қуаныш» сөзі көзіме түссе, жалма-жан астын сызып, қағазыма түртіп алатын дағдым бар, соны ұсынайын.
Қуана білу, қуанта білу де - бақыт (Дінмұхамед Қонаев).
Қуана білмегенге - құт қонбайды, бағалай білмегенге - бақ тұрмайды (Әбіш Кекілбаев).
Қуану мен мұңаю! Жан-жақты салмақтап, саралап, терең бойлап, әрлі-берлі байқап қараған кісіге осы екі ауыз сөз адам өмірінің телегей теңіз сырын мағлұм ете алады. Өмірдің мәні мен мағынасы, ащысы мен тұщысы осынау екі ұғымның астарында жатқаны айдан анық. Расында да Жаратқан ие о баста пендеге өмір құбылыстарына селт етер көл-көсір сезім сыйлады. Түсіну мен түйсіну тылсымын тарту етті. Сезім дегеніміз, ең алдымен жан-дүниең арқылы бір нәрсені сезінуден туатын қуану, бірде қайғыру, яки бірде қызығу, бірде жирену…
Бірақ тірлікте бәрі де солайымен сатылап, кезектесіп келе бермей жататыны да бар. Адамзат қоғамының даму деңгейіне көз жүгіртсеңіз, неше түрлі артық-ауыс, кедір-бұдыр әрекеттерге куә бола аласыз.
Ерекше байқалатыны, адамдар көп жағдайда ең алдымен мұңаюға, күрсінуге, қайғыруға бір табан жақын болады екен.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 811.78 Kb |
Количество скачиваний: | 34 |