Презентация по биологии на тему "Класс Земноводные"
| Предмет: | Биология |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Хилауова Армангуль Амангельдиевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қосмекенділер – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төрт аяқты омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде қосмекенділердің 5000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген (2010ж) Қосмекенділерді зерттейтін ғылымды “барахнология”деп атайды.
Мекені: жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерініңсу айдындарында, ылғалы мол жерлерде мекендейді. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділерді кейде амфибиялар деп атайды.
Ас қорыту жүйесі: жақ сүйектеріндегі ұсақ тістері мен тілі қорегін ұстауға көмектеседі. Тілінің көмегімен ұсақ жәндіктерді ұстап қоректенеді. Ауыз-жұтқыншақ қуысы - қысқаөңеш – қарын - ащы ішек - тоқ ішек- клоака.
Қанайналымы: қосмекенділер - салқын қанды. Қосмекенділер ересектерінің жүрегі 3 бөлікті (екіжүрекше, бір қарынша тұрады). Қан айналымының кіші және үлкен шеңбері болады.
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: қосмекенділер миы 5 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишықтан тұрады, дыбыс қабылдайтын дабылжарғағыкөздің артқы жағында орналасқан.
Көбеюі және дамуы: Қосмекенділер – дара жынысты қосмекенділердің көбеюі мен дернәсіл дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа-дернәсіл-ересек қосмекенді.
| Тип материала: | Презентация PowerPoint (ppt) |
|---|---|
| Размер: | 14,0 МБ |
| Количество скачиваний: | 5 |