Презентация по казахскому языку "Әбілхан Қастеев. Ә. Қастеевтің туындылары"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеевтің туындылары
Сабақтың мақсаты:Әбілхан Қастеевпен таныса отырып, суреттерінің тақырыбын, шығармашылық өмірімен таныстыру, қысқаша мәлімет беру,  балалардың тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, қазақ халқының суретшілерін  құрметтеуге, кеңінен білуге тәрбиелеу.


Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың  тақырыбымен таныстыру, мақсатын айту.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру.

IV. Оқулықпен жұмыс.

1.     Тірек сызба бойынша жұмыс. Кесте бойынша бірнеше сөйлемдер құрастырыңдар.

 

Әбілхан Қастеев

 

 

 

 

 

 

 

1929 жыл - ?

1930 жыл - ?

1934 жыл - ?

1934-1936 ж. - ?

1942 ж. - ?

 

1904-1973 ж.ж. өмір сүрді

01.01.1904ж. Талдықорған обл, Шежін ауылы

Қазақста республикасының халық суретшісі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР мемл. Сыйл-ның лауреаты

2.     1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог дайындаңдар. Диалогке ат қойыңдар.

       Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы сан қырлы. Ол Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Амангелді Иманов, тағы да көптеген қазақ халқының ұлы тұлғаларының портреттеріне бірнеше рет тоқталды. Акварельмен жазылған пейзаждары және кескіндемелік шығармалары топтамаларының мазмұны терең. Әр кезеңде салынған: «Қазақстан жерінде», «Тың тулары», «Республикамыздың жері мен елі», «Республикамыздың жері мен елі», «Бесжылдық құрылысы», «Қазақстан байлығы» атты туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналды.

         1967 жылы   Әбілхан Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдік топтамасы үшін Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

        Суретші 1973 жылы 2 қарашада Алматыда қайтыс болды. Оның есімі республикамыздың көшелері мен мектептеріне, мұражайларына берілді. Солардың ішінде Шымкент көркемсурет училищесі, Жаркент қаласындағы өнер мұражайы, тағы басқалары бар. 1976 жылы Алматыда жаңадан ашылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайына ерекше жаратылған қылқалам шеберінің шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылды. 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді. Оның туындылары Қазақстанның көптеген ірі мұражайларында, сонымен қатар Ресей, Украина және Қырғызстанда, алыс және жақын шетелдердің жеке жинақтамаларында сақтаулы.

          2004 жылы қазақтың біртуар суретшісінің туғанына 100 жыл толды. Оның әрқашан да аса шынайылықпен , тума дарынымен, рухани пәктігімен және өмірге деген дана көзқарасымен жазылған өнері Қазақстан суретшілерінің талай буынына үлгі болды және әлі де бола бермек.   

3.     2-тарсырма. Ә.Қастеевтің туындылары қандай тақырыпта екенін анықтаңдар. Мәтіннен туынды атаулары бар сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар.

  Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғаншаға кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған «Қарындастың портреті», «Автопортрет» атты туындылары түпңұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбылдың портреті» (1937), «Ескі және жаңа тұрмыс» (1937-1941), «Аманкелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінгі шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

        Әбілхан – туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954), «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), «Қапшағай ГЭС-і» (1972) сияқты полотнолары эпиклық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады.

     Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшелерін қоймайды, сонымен бірге, ол – туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.

4.     Жапсырмадағы № 10, №11, №12, №13 суреттердегі Ә.Қастеевтің туындыларымен танысыңдыр. Суреттерде кімдер бейнеленген? Олар туралыне білесіңдер? Суреттер туралы өздерің білетін мәліметтерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңдар.

5.     Мәтіннен зат есіидерді көшіріп, сөз құрамына қарай талдаңдар. Зат есімнің жалғауларын анықтаңдар.

6.     Әбілхан Қастеев туралы презентация көрсету.

7.     Сұрақ – жауап

-         Әбілхан Қастеев кім?

-         Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?

-         Суретші қайда білім алды?

-         Ә.Қастеев алғаш рет Мәскеуге қашан барды?

-         Ол нелерге қатысты?

-         Ә.Қастеев нешінші жылдары Мәскеудегі көркемсурет студиясынан сабақ алды?

-         КСРО Суретшілер одағына мүшелікке қашан қабылданды?

-         Халық суретшісі қандай атақтарға ие болды?

 

V. Балалардың білімін бағалау

VІ. Үйге тарсырма беру.

  VІІ. Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.81 Mb
Количество скачиваний: 249
Просмотров: 555

Похожие материалы