Программа элективного курса по математике на тему" «Тригонометриялық функциялар» 11 класс

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Түсінік хат Бүгінгі таңда базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі математиканың мәні тәжірибелік іс – әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа да оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті нақты математикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми – техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі ролімен, сондай – ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да спапларын дамытудағы математикалық білімнің маңыздылығымен анықталады және орта мектеп алдында оқушыларға білім берудің спапсын одан әрі арттыру мәселесі тұр. Осыған байланысты ең маңызды мәселе болып табылатын математика курсының кәсіби саралау – тақырыптарымен мағлұматтар көлемі, білім мазмұны жағынан өзгешіліктері бар бағдарламалар мен оқытуды жүзеге асыру міндеті тұр. Сондықтан да оқушларды есептер шығара білуге үйрету, оған сәйкес шеберлікті – білік пен тәжірибені ұштастыру, оны үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Бұл қолданбалы курс оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға, өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс жасауына ынталандыру мақсатында, қабілеттілігі мен икемділігін толық аша түсуге, математикаға танытқан сұранысы мен талаптарын қанағаттандыруға құрылған. Міне, осыған байланысты оқу бағдарламасында оқушыларға тригонометрия негіздерінен білім алу тәсілдерін үйрету сияқты математиканы оқытудың барынша нақты дидактикалық міндеттері жүзеге асырылады.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.09 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 97

Похожие материалы