Программа ұғымы және оның құрылымы.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақ барысы

1)Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

            ә) кабинет жағдайы;

      б) сабақ барысымен таныстыру.

2)Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1)Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?

2)Тілдің алфавитіне не жатады?

3)Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?

4)Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің программасы блоктардан тұрады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.

Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок деп аталады. Ал блок ішіндегі блок жергілікті блок деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сипаттау бөлімі 7 бөліктен тұрады:

1)      программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (uses түйінді сөзімен басталады);

2)      белгілерді (label)сипаттау;

3)      тұрақтыларды (const) сипаттау;

4)      мәліметтер типтерін (type) анықтау;

5)      айнымалыларды (var) сипаттау;

6)      процедураларды (procedure) сипаттау;

7)      функцияларды (function) сипаттау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 604.5 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 97

Похожие материалы