"Программалау тілінің синтаксисі" тақырыбында сабақ жоспары
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нурмуханова Асель Кайратовна
|
Сыныбы:7 «А» Күні:
Тақырыбы: Программалау тілінің синтаксисі.
Мақсаты:
Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;
Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;
Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Журнал толтыру;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.
Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.
:= ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)
Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»
1.Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.
Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)
16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…
Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500... кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);
2.Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:
х:=15.5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5, 512, ’Жібек жолы’ – бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.
3.Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…
4.Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері...Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.
Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.
Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 42.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |