«Работа над звуком»

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:
Орындаушы үшін дыбыс- оның музыкалық образын сомдайтын материал. Әндетіп ойнау – дыбыс шығаруда үлкен роль атқарады. Әрбір орындаушы шығарманы орындағанда әндетіп ойнауға тырысуы керек.    Россияның классикалық виолончель ойнау мектебінің негізін салушы К.Ю. Давыдовпен аспапта ойнағанда әндетіп ойнау принципі қойылды. «Әншілер мен скрипкашылардан үйреніңдер» - деген лейтмотив Козолупов класында әрдайым айтылып  отырды. Әндетіп ойнау, дыбыстың әдемілігімен жұмыс жасау С. М. Козолуповтың оқушыларына тән жағдай.     Егер С. М. Козолуповқа күшті, әрі үлкен дыбыс тән болса, оның қызы Г.С. Козолупова(1912- 1992) камералық, дыбысы биязы, романтикалық пландағы музыканы, кіші формаларды ойнады. Алайда ол классикалық шығармаларды да үлкен жетістікпен орындады.  Дыбыспен жұмыс Козолупов үшін сабақтың ең негізгі мағынасы болды. Ол оқушыдарына әрдайым керемет шебер орындаушылар өздерін сырттан тыңдап осындай дәрежеге жеткенін жиі қайталап отырды. Семен Матвеевич оқушыларын өздерін тыңдауға, музыкалық шығармалардың әртүрлілігін түсіну үшін, көркемдік образын жасау үшін өзінің арсеналында кең дыбыс палитрасы болуы керектігін әрқашан міндеттеп отырды.  Козолупов студенттерінің ойынынан 2нәрсені - қарлыққан, мазмұны жоқ piano мен қатқан, тембірсіз, «ұрмалы» forteні түбімен алып тастап отырды. «Виолончельде ойнағанда судырағанды жақсы көрмеймін және аспапты жұлып ойнағанды көтере алмаймын» - деп айтушы еді. Толыққанды  дыбысты pianoмен жұмыста ысқыштың шекпен жанасуына, дыбыстың тығыздығының маңыздылығына онымен үлкен мән берілді. Ол – тек түгел «  «жанасқан» piano ғана төзімді, әрі артқы қатардағыларға да жақсы естіледі,- деп үйретті. Бір жағынан «forte “» дыбыстың мөлшері ойнау шегінде акустика жағынан қатты шыққанымен, тембр жағынан кедейленіп, эмоциялық бояудан, мазмұнынан ұтылады. «Виолончель – тромбон емес! Аспаптың мүмкіндігін пайдаланыңыздар – оны зорламаңыздар.» - деп айтушы еді. Ол  П.  Сарасатенің ысқышының жай тартылған шаштарымен скрипкасының ерекше тембірінің арқасында оркестірдің дыбысын жауып кететінін мысалға келтіретін. «piano- бұл жаман forte емес, бұл алыстан естілетін forte» -деп студенттерін оқытатын.  С. М. Козолупов классиканы  жақсы мәнердің негізін қалаушы деп есептейтін.  Д. Ойстрах оқушының дыбыс мәдениетінің тәрбиесін бірінші орынға қояды.  Ыспалы аспапта ойнайтын орындаушыны дыбыстың сапсы мен мәнерлі «әндету» өзіне қарату керек. «Адамзаттың қолы аспапты интонацияға «дауыс сала алатын» сияқты,-деп жазды Б. В. Асафьев.  «Музыка деген дыбыс болса, әрбір орындаушының басты мақсаты, әрі міндеті дыбыспен жұмыс болып саналады,-деп жазады Г. Г. Нейгауз.- Былай қарағанда бәрі көрінікті сияқты. Алайда, техникамен айналысу (тар мағынада) дыбыспен жұмысты - ең керекті нәрсені екінші планға қалдырып кетеді.»  ММК профессоры С. П. Ширинскидің (1903- 1974) оқушыларға қойған талаптарының бірі ол- « дыбысты ұстау». Ыспалы аспаптардың табиғаты адам баласының үніне ұқсастығына байланысты әдемі музыкалық фразаларды жасау үшін орындаушы әр секунд сайын барлық  психофизикалық кешенін пайдалануы керек. Ол дыбыс алумен, интонациямен, стильді сезінумен көп жұмыс жасады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40.5 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 130

Похожие материалы