Рационал бөлшекті қысқарту (7- сынып)

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшекті қысқарту 
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: рационал бөлшектерді қысқартуды түсіндіру,формулаларды 
қолдануды үйрету, оқушы дағдысына қалыптастыру.
2.Тәрбиелілік: ұйымшылдықпен жұмыс жасай білуге, жылдамдыққа, 
ширақтыққа тәрбиелеу. 
3.Дамытушылық: оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеу, 
белсенділігін дамыту,
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементі,ойын,
сұрақ – жауап әдісі,жұппен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, перфа карта, карточкалар, 
сызбалар, флипчарт
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру, оқу –құралдарын түгендету. 
ІІ. Сабақтың мақсатын ашу.
Баланың зейінін сабаққа аудару.Бүгінгі сабақтың мақсатымен және сабақтың жоспарымен таныстыру.Бүгінгі сабақ бірнеше бөлімдерден тұрады:
1. «Математикалық диктант»
2. «Сен-маған, мен-саған»
3. Жаңа білімді түсіндіру
4. Сергіту сәті
5. «Белгісізді орнына қой»
6. «Қатесін тап»
7. «Кім жылдам?» 
8. Үйге тапсырма
9. Рефлексия
ІІІ. Өткен сабақ бойынша теориялық білімдерін тексеру.
«Математикалық диктант» (ұжыммен жұмыс) Дайын перфакарта түрінде таратылады, оқушы өз жауабын жазып болған соң жинап алынады.
1. Бүтін және бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
2. Бөлімінде айнымалылары бар бөлшек рационал бөлшектер деп аталады.
3. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті: рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе, рационал бөлшектің шамасы өзгермейді. A NA
4. Рационал бөлшектің негізгі қасиеті — = —— жазылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 196

Похожие материалы