Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу (9 сынып)
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жильжанова Нургуль Толегеновна
|
БЕКІТЕМІН:
№19 жалпы орта білім беру мектебінің
директоры Д.А.Тайгулин
Пән атауы: Химия
Мұғалімнің аты-жөні: Жильжанова Н.Т.
Күні: 14.03.2015ж.
Сынып (Жас аралығы): 9
Сабақтың тақырыбы: «Құрамында белгілі қоспасы бар басқа заттың массасын реакция теңдеуі бойынша есептеу»
Сабақ реті: 37-інші сабақ
Сабақтағы оқудағы тәсіл:«Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану
Көрнекілік (ресурстар): интербелсенді тақта, ХЭПЖ кестесі, ерігіштік кестесі, «Металдар» үлгілері
Сабақ барысы:
Ортақ мақсаты: Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Химиялық реакцияға түсетін таза заттың массасын есептеуді білу.
Оқу нәтижесі:
Сабақ кезеңдері
Модуль
Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
Интеракция (мұғ мен оқуш ара-дағы қатынас)
Ұйымдастыру- мотивациялық
І. Сәлемдесу.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
(диол.оқу)
- Оқушылар топпен қарама-қарсы тұрады. Сұрақтар арқылы бір-бірімен амандасады. (2 мин) Бір-біріне бүгінгі сабаққа тілек тілейді.
Бағыт беру.
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
III Топқа бөлу
«Металл аттары» бойынша бөлу
Оқушылар суреттер арқылы бөлінеді. (2 мин)
«Темір», «Алюминий», «Мыс». Бағалау парағы беріледі (топ басшысы топтағы мүшелерді бағалап отырады).
Бақылайды.
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
Жаңа сабақты ашу,
түсіну,
қолдану
СТО
АКТ
Слайд жасау
Жұппен, топпен, топ аралық жұмыс. (Бағалау парағы беріледі) (5 мин)
Үй тапсырмасын сұрау.
І топ «Темір»- «Кім көп біледі?» сәйкестендіру тапсырмасы
Металдар қандай кендерден жасалады?
Табиғи
Қоршаған орта факторларының әсерінен металдардың бүлінуі
жемірілу
Металдардың кернеу қатарын жасаған ғалым
Н.Н. Бекетов
Периодтық жүйедегі химиялық элементтердің ядро заряды артқан сайын өзгермейді
Энергетикалық деңгейдің саны
Табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен өндіріс саласы
металлургия
Металдардың сыртқы қабатында қанша электроннан болады
1-3
Қай элементке сәйкес келетін электрондық формула.1s22s22p63s23p64s2
Кальций -Са
ІІ топ «Алюминий» - «Ең, ең,ең ...» сәйкестендіру тапсырмасы
Ең ауыр металл
осмий
Ең тез балқитын металл
цезий
Ең созылғыш металл
алтын
Өнеркәсіптің негізгі металы
Темір
Ең қатты металл
хром
Ең жеңіл металл
литий
Ең қиын балқитын металл
вольфрам
ІІ топ «Алюминий» - «Менің денем неден құралған» сәйкестендіру тапсырмасы
мырыш
асқабақ, күнбағыс тағамдарында кездеседі, қарын асты безінде
Алюминий, мышьяк
Шашта
Сынап, молибден
Бүйректе
қалайы
Ішек ұлпаларында
Кальций
Сүйек, тіс ұлпаларында,қанның ұюына қамтамасыз етеді.
магний
Ағзадағы магний иммундық жүйені ұстайды және жүйке мен бұлшықеттердің жиырылуына көмектеседі
темір
Қанның құрамында
«Видео сұрақ» көреді.
1.металдар мен тау жыныстарында негізгі заттан басқа қоспаның химиялық реакцияға түсетін таза заттың массасын қалай табу керек?
(Сол бойынша тақырыпқа шығады).(2 мин)
ІІІ Мәтінмен жұмыс
Әр топтың алдында топтың аты жазылған қағаздың ішінде сұрақтар бар.
Сол сұрақтарға оқулықтағы тақырыпты және берілген қосымша мәліметтерді пайдаланып жауап береді. (жеке оқулықты оқиды, сосын жұппен айтады, топпен есеп шығарады) (10 мин)
І топ «Темір»- 1) Таза металды алу үшін не пайдаланады?
2) Массасы 150 г шойынды оттекте жаққанда 3г көміртек (ІҮ) оксиді түзілді. Шойынның құрамындағы көмірдің массалық үлесін табыңдар.
3) айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Fe2(SO4)3→ Fe(ОН)3→ Fe2О3
ІІ топ «Алюминий» 1) металл ионының заряды қандай?
2) Массасы 100 г ізбес тасын жаққанда массасы 60 г сөндірілмеген ізбес алынды. Ізбес тасындағы қоспаның массалық үлесін анықтау.
3) айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
Al2(SO4)3→ AlCl3→ Al(ОН)3
ІІІ топ «Мыс»
1) металдардың маңызды физикалық қасиеттері қандай?
1. 2) Массасы 75 г мәрмәр тасына тұз қышқылымен әсер еткенде көлемі 11,2 л(қ.ж) газ бөлінді. Мәрмәрдағы қоспаның массасын табыңдар.
3) айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CuCl2 → Cu → CuO
Топтар тақтада жұмыстарын қорғайды. (5 мин)
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
Талдау,
жинақтау,
бағалау
Картамен жұмыс
АКТ,
СТО,
ОҮБ
ТЖДБО
Қимыл-іс әкерет арқылы топтар бір-бірін бағалайды. (5 мин)
Оқушылар стаканда 1-мырыш, 2- темір, 3-алюминий, 4-натрий, 5-мыс белгісіз металдарды табуы керек.
Бағалау: тақтаға шыққан оқушылардың мойнына медальдан тағылады. («Алтын», «Күміс», «Қола»)
Мұғалім оқуш іс-әрекетіне нұсқау береді, бақылайды
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
V. Сергіту сәті.
Балалар ортада шеңбер жасайды,бір уақытта 4 қимыл жасайды. (2 мин)
1. Әкем анама ет тартатын әперды. 2.Әжеме сағат. 3.Ініме солдат.
4.Қабырғадағы сағат «ку,ку,ку» деп басын шайқап тұр.
Айтып бағыт беріп тұрады.
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
Бекіту- Қорытынды
СТО
әдісі бойынша
Химиялық диктант. Тақырыпты бекіту (7 мин)
(Жұп бойынша тексереді, дұрыс жауабын тақтаға шығарады.)
Ерте заманда күміс түсті ақ металл болыпты. Металдың күшті сұйық күзетшісі күзетіп отырады екен, ол сұйық үшін судың құны жоқ еді. Бір күні ойда-жоқта металл сумен кездесіп, алтындай жалындап ерітінді түзеді. Бұл ерітінді жолдас ерітіндісін кездесіп, ұялғаннан беті күлгін тартады. Ерітінді мен жолдас ерітінді дос болып қалады екен.
Есептегі белгісіз металл, оның күзетшісі, ерітінді және жолдас ерітінді атауын табу.
Бағалауы: 4 жауап «5» баға 3 жауап «4» баға 2 жауап «3» баға
Жауабы: Натрий, керосин, натрий гидроксиді, тұз қышқылы
2Na+2H2O→2NaOH+H2↑
NaOH+HCl→NaCl+H2O
Келесі бет жауап ашады.
Мұғалім-оқушы
Оқушы-оқушы
Үй тапсырмасы
1. Металдар тарауын қайталау (2 мин)
2. 181 бет, №8,9 есеп
3. “Жеті ғаламшар – жеті элемент” тақырыбында реферат жазу
Қадағалау
Мұғалім-оқушы
Рефлексия
(Кері байланыс)
“Сабақтан алған әсерім” кері байланыс әдісі арқылы
Кері байланыс төмендегі кестеге жасыл (білем), сары (білдім), қызыл (білгім келеді) стикер жабыстыру. (2 мин)
БІЛЕМ БІЛДІМ БІЛГІМ КЕЛЕДІ
Қадағалау, бақылау
Мұғалім- оқушы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 110 Kb |
Количество скачиваний: | 80 |