Разработка урока на тему Қазақ қоғамының этно әлеуметтік құрылымы.
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Кайырбекова Индира Амангазиевна
|
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этно әлеуметтік құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекіліктер: карта , «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік.
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын сұрау:
7-сыныпта өткен материалдарға шолу
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан , бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін
№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
А) Ұлы жүз:
Ә)Орта жүз:
Б)Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз-
Ә)Орта жүз-
Б)Кіші жүз-
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін , қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)
№2 тапсырма:
-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
· Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)
· Рулық және тайпалық ақсүйектер;
· Қожалар, имамдар, қожалар;
· Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).
№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:
№ 4 тапсырма:
-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
2. XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?
3. Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
4. Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)
Үй тапсырмасы:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 836.5 Kb |
Количество скачиваний: | 8 |