Разработка урока по казахскому языку "Әлібектің сөмкесінде не бар?"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

1  сынып.  Қазақ тілі                                                        

Сабақтың тақырыбы:  Әлібектің сөмкесінде не бар?

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу. Көптің жалғауын оқушылардың санасына берік қалыптастыру.

 

Дамытушылық: модуль бойынша алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Оқушылардың сауатты оқу, сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын жинақтау қабілетін дамыту.

 

Тәрбиелік: оқушыларды саналыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.

 

Жабдықтау: тақырып бойынша мазмұнды суреттер, карточкалар.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.

                                         - Сыныпты түгендеу.

ІІ. Тіл дамыту.

  -      Қазір жылдың қай мезгілі?

-         Көктем айлары қандай?

-         Қазір қандай ай?

-         Бүгін нешесі?

-         Ауа райы қандай?

 

ІІІ. Өткенді қайталау. Оқу құралдары.

Мынау не?         Мынау не?       Мынау не?            Мынау не?    

                       

Неше кітап?      Неше дәптер?      Қандай сызғыш?        Қандай өшіргіш?

 

 

Мынау не?         Мынау не?             Мынау не?

                             

 Қандай қалам?          Қандай қарындаш?    Қандай сөмке?

 

 

ІV. Үй жұмысын тексеру.

-         Ойын арқылы сөздерді тексеру;

 

 

Сенің қандай қаламың бар?

 

 

Менің

көк

 

қаламым бар.

қызыл

қара

 

V. Жаңа сабақ: Әлібектің сөмкесінде не бар?

1 – тапсырма. Диалог.    145-бет

-         Сәлем, Айдар!

-         Сәлем, Боря!

-         Сен қайда барасың?

-         Мен мектепке барамын.

-         Сөмкеңде не бар?

-         Оқу құралдары бар.

-         Сау бол, Айдар!

-         Сау бол, Боря!

 

Фонетикалық жаттығу.

Кітап жатыр сөмкеде

Қалам жатыр үстелде

Дәптер жатыр партада

Бәрі-бәрі орнында

Кластер.

 

2- тапсырма. Сұраққа жауап беріп үйрең.   145-бет

 

ӘЛІБЕКТІҢ СӨМКЕСІНДЕ НЕ БАР?

           

 

Үлгі: Әлібектің сөмкесіңде қалам бар.

 

3. Сөйлем баспалдағы.

 

1.      Қалам.

2.      Менің қаламым.

3.      Бұл – менің қаламым.

4.      Бұл – менің қызыл қаламым.


VІ. Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Демаламыз біз.

Кәне қанат қағамыз,

Ұшып-ұшып аламыз.

 

VІІ. Өлеңді мәнерлеп оқы, түсін.

3- тапсырма 146 –бет  «Сөмкеде не бар?»

 

VІІІ.Сабақтың қорытындысы.

 

Сабақта не істедік? Не білдік?

                                                                                                                                                

ІХ. Бағалау.

 

Х.Үй жұмысын беру: жазу дәптері  25-бет № 1, сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.72 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 134

Похожие материалы