Разработка урока по казахской литературе на тему: «Атадан қалған асыл сөз» (7 класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Аталардан  қалған асыл мұраларымызды өскелең жас ұрпақтың санасына сіңіру, туған өлке мұрасы мен ұлттық құндылықтарды оқушылар санасына жеткізу-біздің ұстаздық парызымыз деп білемін. Заман жылжып бара жатса да, тарихымыз санамызда мәңгілік қалуы хақ. Осы мақсатты көздей келе, Маңғыстау әдебиеті факултатив сабағында «Атадан қалған-асыл сөз» тақырыбында жергілікті ақын,әрі жыршы-Ақтан Керейұлының шығармаларын оқыту арқылы ашық сабақ өткіздім. Сабақта сыныпты топқа бөле отырып,әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың бірі толғауларында берілген шумақтар бойынша суреттер салып, оны әңгімелеу арқылы мазмұнын ашса ,екінші топ оқушылары сол шумақтарға өлең жолдарын құрастыру арқылы тіл байлығы мен ой зеректігін танытты. Шығарма бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізіле отырып, оқушылар да ашылып, өз ойларын ортаға салу арқылы еркін отырды. Бірінің берген сұрағына екіншісі жауап беру арқылы бірінің ойын бірі толықтырды, егер оның ойына келіспеген кездері болса да бүкпеді , неліктен солай екендігін сұрау арқылы оқушылырда қызығушылық, шығарманың мағынасын игеруге деген құлшыныс байқалып тұрды. Бәрінен де мені қуантқаны- өлең шығарған оқушылар. Бұл оқушылар ерекше шабытқа бөленіп, «болмасаң да, ұқсап бақ» денендей бар сөз шеберліктерімен зерделеп берді.Әдебиет-сөз өнері болғандықтан , осы аталарымыздан бергі бүгінгі күнге дейінгі тот баспаған асыл  өнерімізді әнмен астастыруды жөн санап, сабақтың соңында оқушылырдың ән айтуларын өтіндім. Оқушылырым бұлбұл құстай сайрап, сабақ өз мәресіне жете отырып, мақсатына да қол жеткізді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.44 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 180

Похожие материалы