Разработки уроков с применением 7 модулей по изобразительному искусству

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Разработки уроков по изобразительному искусству. Блок скульптура. 1. Понятие об архитектуре.2. Архитектурные стили3. Древняя архитектура Казахстана.4. Семь чудес света.5. Необычные здания.На каждый урок применяется разная техника выполнения.  Сабақ жоспарын құрастыруда СТОны, Б-Б-Б (білемін, білгім келеді, білдім) қолданамын.   Сабақтың басында өткен сабақты еске түсіріп қайталау болды, оқушыларға бір парақ қағаздар таратылды, парақ үш бағанға бөлінген: 1 сәулет өнері туралы не білетіндігі және не білгілері келетіндігін жазды. Мұратбек сабақтың басында айтылғанда түсінген жоқ, екінші рет сұрап алып жаза бастады. Жазуға үш минут берілді. Содан кейін екі минут жұптық жұмысқа берілді, оқушылар бір біріне сәулет өнері туралы не білетіндіктерін айтты.   Орындарын ауыстырып отырғаннан кейін бір біріне тағы да білгендерін айтып шықты да берілген парақты толықтырды. Содан кейін сәулет өнерінің стильдеріне байланысты слайдтар көріп шықты. Оқушыларға жазулардың өзгеруі мен ғимараттардың өзгерулерін байқап отыруға тапсырма бердім. Балалар қызығушылықпен қарап отырды. Сұрақ қойдым «Қалай ойлайсыңдар бұл суреттерді не үшін көрдік?» оқушылар «Сурет салу үшін», «сәулет өнерінің қалай дамығанын көрсетіп тұр», «жазулары мен ғимараттардың айырмашылықтары болды» деді. Бұл жерде сұрақ балалардың ынтасын артуға көмек көрсеткен жоқ. Кейін сұрақты шамалы өзгерткенде, балалар сәл қызығып дұрыс жауап бере бастады «стильдері әр түрлі», «формалары әр түрлі» деп жауап берді. Мысал келтірді: ·         «Ренессанста көп аркалар бар» - деп Мөлдір айтты, ·          Аида: «Готикада ғимараттар ұзын, биік, төбелері үшкір болып келеді» деді. ·         Бекарыс: «Рококода үйлер ашық, кең болып көрінеді» деді, ·         Алихан: «Онда түс пайда бола бастайды» ·         Алия: «Жеңіл қабылданады» деп қосты. ·         Айдана: «түстері өзгерді» деп айтты, балалар бұл жерде олардан нақты нені талап етіп отырғанымды түсінді. ·         «Ғимараттардың айырмашылықтары салынған жылдарына байланысты, мүмкін олардың түрлерін немесе стильдерін көрсетіп отырған шығар» деген пікір білдірді.   Нақты сұрақтар арқылы оқушыларды жұмыс істеуге әкелдім. «Қзіргі ғимараттар немен базендіріледі?» «Әйнектермен, мозаикалармен, витраждармен безендіріледі» деп жауап берді. «Витраждарды қай жерде қолданады?» «Храмдарда, ғибадатханаларда» деген жауап алдым. «Витраждар не үшін керек?» «Әдемі болу үшін. Безендіру үшін. Күнделікті үйреншікті нйрселерді әдемі қылып көрсетеді». Деген жауап алдым.  Витраждар түрлерін слайдпен көрсету, оқушылар көріп отырған витраж қолданған жерлерді айтып отырды: есіктерде, терезелерде, ыдыстырда деп айтты. Балаларға топпен ақылдасып алып витражға эскиз салуға тапсырма берілді. Берілген тапсырманы үш рет қайталадым, ол дұрыс болмады, бірақ балалар үйреніп алған бір рет айтқанда түсінбейді. Эскизді топтағы суретші балалар салып бастыды, бірақ жандарындағы балалардың пікірлері бойынша.  Балалар шағын топтарда сурет салды. Кейін, шағын топтағы  басқа балалар эскиз жасауға кірісті, өзара ақылдасып, ортақ пікірге келді. Эскиз салынып басталғаннан кейін барлық оқушылар жұмыс істеуге кірісті. Оқушылар жұмыс барысында ақылдасып бірігіп жұмыс істеп отырды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 64.25 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 122

Похожие материалы