Реферат оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері (психалогия)
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Хапыш Холомхас Дурбетбаевна
|
Оқушылардың өздіктерімен жұмыс жасау проблемасы барлық ұстаздардың тәжірибесінен өткен. География сабақтарында картаға байланысты тақырыптардың қарапайым өтілуі оқушы бойында терең және тұрақты білім қалыптастыра алмайды, себебі әрбір оқушы оны кеңістікте елестете бермейді. Сондықтан кескін картамен, я басқа тақырыптық карталармен болсын оқушылардың білімдерін, дағдыларын жаттықтыратын әдістер қолданылуы тиімді.
Өкінішке орай жоғарғы сыныптарға барғанда «Сызу» сабағының қысқартылғандығы, АКТ – ның белсене қолданылу қажеттілігі туындағаны өз әсерін тигізеді. Себебі ол норма. Сондықтан онымен қызықтырып әкету қиындырақ. Бірақ жағымды жағы да бар – «Физикалық география» курсына 2 сағат берілгені.
Осындай қиындықтар туындаған сәтте әрбір ұстаз өз жағынан балаларды еліктіріп әкететін әдісін іздейді. Өз тарапымнан алатын болсам – ол пластилинмен жұмыс істеу.
Пластилинмен жұмыс жасау – балалардың қызыға жұмыс істеу әрекеті. Олар саусақ икемдік машықтарын қолдана отырып, кез келген бейненің формасын, түстерін келтіру, сәйкестендіру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар бұндай жұмыс олардың бақылау, фантазиялық кеңістіктерін дамытады. Кезінде А.С.Макаренко: «Адамның тіршілік әрекетіне ең жақын, қажетті саз, ағаш, қағаз және т.б. материалдар, себебі олардан біз өзімізге қажетті құндылығымыз бен мәдениетімізді жасаймыз... оларда шексіз шығармашылық фантазиялар жатыр», - деп жазған [1, 7 б].
Пластилинмен жұмыс жасағанда бала тек қана бір объктіні қарастырмайды, сонымен қатар сезінеді. Жұмыс барысында не ғұрлым сезім мүшелері белсенді қызмет атқарса, кез келген ақпаратты бейнелей отырып қабылдауы белсендірек болады. Нәтижесінде әрбір оқушы өзіндік көзқарасын, ойын, ұстанымын көрсете алады.
Пластилинмен жұмыс істеу оңтайырақ та, себебі ол қатпайды, нысана нәтижелі шықпай қалса, қайта бұзып, жасауға болады.
Менің осылай оқушылармен жұмыс жасауымның мақсаты – география сабақтарында оқушылардың белсенділік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру болды. Міндеттер:
. практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;
.практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту;
. орта буындағы оқушыларда «География» пәніне деген қызығушылықты дамыту.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 73.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |