Сабақ жоспары «Қазақ пен қонақ»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі

                                     «Қазақ пен қонақ»

 

Сабақтың мақсаты:

              1.Білімділік:         Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып,идеясын ашу.

                                             Қонақжайлылық дәстүрінің мән-мағынасын

                                             түсіндіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

              2.Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға,көркемдеп еркін                  

                                             сөйлеуге,мәнерлеп оқуға,шапшаң ойлауға

                                             дағдыландыру.Ізденімпаздыққа баулу.

              3.Тәрбиелік:          Адамдар арасындағы қарым-қатынас,сыйластық,

                                             бауырмалдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,бейнетаспалар

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

                             I. Ұйымдастыру

                             II.Үй тапсырмасын пысықтау

                             а) Қ.Ысқақ «Қоңыр күз еді» әңгімесінің мазмұнын сұрау

                             ә) Күз суреті қанадй?

                             б) Қасым неге күзді еске алып отыр?

                             в) Оның жазушымен кездессем деген үміті неге үзілді?

III.Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақтың белгілі ақыны,қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлі Орал облысы,Жымпиты ауданында 1935 жылы дүниеге келген.

ҚАЗПУ-ды 1958 жылы бітіріп,»Балдырған» журналында жауапты хатшы,бас редактордың орынбасары болып қызмет жасайды.

«Ой арманы»,»Бұлбұл бағы»,»Дала дидары»,»Күміс қоңырау» т.б өлеңдер жинағының авторы.

Алғашқы өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланған.

Қадыр Мырза Әлінің көптеген өлеңдері қазақ бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулықтарына енген.Ондаған кітабы бірнеше тілдерге аударылған.Орыс тіоінде «Инабаь-кінәлі»,»Домбыра»,өзбек тілінде «Күміс қоңырау»,қырғыз тілінде «Алақан» т.б кітаптары басылды.

  Қадыр Мырза Әлінің жекелеген және топтама өлеңдері ағылшын,фин,неміс тілдеріне аударылған.Өзі де Гюго,Гуми,Гейне,Лермонтов,Есенин,Кумиев,О.Сүлейменовтың жыр кітаптарын қазақ тіліне аударған.

 

IV.»Қазақ пен қонақ» өлеңін мұғалім жатқа айтады.

 

V.Сөздік бойынша жұмыс жасалады.

 

VI.Сұрақтарға жауап алынады.

1.Қонақжайлылық дегеніміз не?

2.Қазақ қонақты қалай қарсы алады?

3.Қазақ халқының басқа халыққа қарағанда қонақ күтуде айырмашылығы бар ма?

 

V.Қонақ туралы тереңірек айтылады.

 

VI.Дебат үлгісінде сұрақ-жауап.

«Жақтаушылар»,»Даттаушылар» болып,оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сұрақтарға өз пікірлерін айтып,ойларын ортаға салады.

 

VII.»Қазақ осы» әнін мұғалім орындайды.

 

VIII.Түсініктеме күнделігін толтыру

 

Өлең аты     Әсер еткен тұсы            Үзінді жайлы өз пікірің

 

IX. «Әдебиет лотосы» ойыны

 

Шығарма аты    Оқиға жілісі   Не суреттелгені   Түйсінді ой   Қазіргі заманмен салыстыр

 

X.Оқушыларды бағалап,өлеңді жаттап келуге,өлең құрылысына талдауды тапсырып,сабақты аяқтау.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 36 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 212

Похожие материалы