Сабақ жоспары химия пәнінен "Альдегидтер және кетондар"

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Альдегидтер және кетондар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Альдегидтердің классификациясы физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуын сипаттай білуге және оның химиялық қасиеттері туралы ақпарат беру арқылы білімдерін қалыптастыру, жүйелеп тереңдету.
Дамытушылық: Альдегидтердің гомологтарының, изомерлерінің формуласын құру, химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру, білім - білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жұптасып жұмыс істеуге, ойлануға, ізденуге, ұйымшылдыққа, өзара пікірлесуге баулу. Альдегидтердің тұрмыста алатын орнын маңызын түсіндіру, қоршаған ортаға, табиғатқа жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жүйелеу және жинақтау сабағы
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Сабақтың формасы: жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері.
Пәнаралық байланыс: физиология, медицина, экология
Сабақтың әдістері: бағыт бағдар бере отырып нәтижеге жету, ойын әдісі, тест, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:

1. Интерактивті тақта (слайдтар, сызбалар).
2. Компьютер.
3. Электронды оқулық.
4. Дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
- оқушыларды психологиялық дайындау
- санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті
- қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті
- студент назарын аудару, сабақ жоспарымен таныстыру
2. Сабақты таныстыру:
Сабақтың тақырыбын айту, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру. Студенттер 2 топқа бөлінеді. «Домино ойыны» сұрақ - жауап арқылы бөлінген топ студенттері өзара білім сайысына түседі.

ІІ. Үй жұмысын қайталау. «Домино» ойыны (сұрақ – жауап)
І топ
1. Фенол дегеніміз не? Молекулалық формуласын тақтаға жазыңыз.
2. Фенолда қандай қасиет болады?
3. Қандай химиялық қасиеттер тән?
4. Фенолдың алыну жолдары қандай?
5. Спирттерден айырмашылығы?
6. Фенолды қайда қолданады?

1. Фенолдар - баензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдардың орынын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. С6Н5ОН
2. Фенол қышқылдық қасиет көрсетеді немесе оны карбол қышқылы деп те атайды. Әлсіз қышқыл.
3. Спирттер сияқты металдармен, броммен, сілтімен, азот қышқылымен реакцияға түсе алады.
4. Құрамында бензол ядросының болуы.
5. Аромат көмірсутектерінің галоген туындыларынан алады.
6. Фенолды микробтарды жою үшін, дәрі - дәрмек, бояу, қопарғыш заттар синтездеп алады.

ІІ топ
1. Көп атомды спирттер дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Спирттер дегеніміз не?
3. Спирттердің гомолог қатарын жаз.
4. Көп атомды спирттердің сапалық реакциясы.
5. Спирттерге қандай реакциялар тән.
6. Спирттердің қолданылуы.



Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41.5 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 155

Похожие материалы