Сабақ жоспары :«Менің сүйікті кітабым»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті кітабым»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша ойларын жеткізуге үйрету.
Дамутушылық: ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру, сөйлемдерде баяндауышты табуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: окушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап ,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, кестелер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу;

Ә) Тіл дамыту сұрақтары :

- Бүгін айдың нешесі?
-Бүгін аптаның қай күні?

ІІ. Үй жұмысын тексеру

. Мұғалім сөзі:
- Балалар өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Дұрыс айтасыңдар.

-Өткен сабақта «Менің сүйікті жазушым» тақырыбын өттік.

«Менің сүйікті жазушым» әңгімелеу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1. - «Сүйікті» бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (оқушылар жауабы)

-Енді жаңа сабақты бастар алдында «Сұрақтар сайысын» өткізейік әр оқушы қоржыннан бір сұрақ алып, жауап береді.
- Сендердің сүйікті адамдарың, жануарларың, заттарың қандай?

- Сенің сүйікті адамың кім? (анам, әкем, атам, әжем)
- Сенің сүйікті жануарың не? ( ит, мысық, жылқы)
- Сенің сүйікті тағамың не? (тұшпара, борщ, палау).
- Сенің сүйікті сабағың ше? (математика, тарих, орыс тілі).

- Сенің сүйікті жемісің ше? (алма ,банан,алмұрт).

2. Жұмбақ шешіңдер:

Сөзі дана,
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем. (Кітап)

- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті кітабым»

Сабақтың барысымен таныстыру.
- Балалар, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі тақырыпты жазыңдар.

3.Жаңа сөздермен таныстыру.
сүйікті – любимый/ ая / кейіпкер -геройүйретеді - учит тәрбиелейді - воспитывает жақсы көремін - люблю ұнайды - нравится оқу- читать дана-мудрый

4. Жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестері,сөйлемдер құрастыру.
Сүйікті іс, кітап оқу, көңілді кейіпкер, жақсылыққа үйретеді, әңгіме ұнайды, тез оқыдым, ертегі оқыдым, дана адам.

5.Кластер құру «Менің сүйікті кітабым»

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.75 Kb
Количество скачиваний: 259
Просмотров: 694

Похожие материалы