Сабақ жоспары:Асқа берілетін бата.5-сынып.

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

5-сынып.қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы:Асқа берілетін бата.

Мақсаты:

  1. Білімділік. Білімді қалыптастыру, пән бойынша білім-білік дағдыларынқалыптастыру,оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.(формирование знаний, умения и навыков специальных  по предмету, контроль знаний )
  2. Дамытушылық. Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен  белсенділік,  танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.(развивать волю,  стремление и умения преодолевать  познавательные затруднения)
  3. Тәрбиелік.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуге, сақтауға, құрметтеуге  үйрету.

 

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ көрнекілігі: үлестірмелі кестелер, оқулық, интерактивті тақта,

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, Синквейн әдісі(5 жол тұжырымдамасы),

Сабақтың ұраны: «Кең дүние тарылса да, қазағымның дастарқаны тарылмасын!»

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тарихы.

 Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

уақыт

1. Ұйымдастыру

Сәлемдесу . Сабақ мақсатымен таныстыру.Бүгінгі сабақта біз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге, сақтауға, құрметтеуге үйренеміз. Бұрынғы алған мәліметтерімізді жинақтап, білгенімізді, сөйлеу, жазу, ойлау әрекеттерімізді жетілдіріп, көрсетуге  тырысамыз.

 

1 мин

2. Өткен  тақырып бойынша  оқушылардың білім-білік дағдыларын  тексеру

Қазақ дастарқаны. Қазақ халқы  өте қонақжай халық.. Қонақ келсе, ол дастарқанға барлыгын қояды, сыйлап күтеді. Қасына өнерлі адамдарды шақырып, көңілдерін көтереді.

 Интерактивті тақтамен жұмыс.

А)Ұлттық тағамдар.

1 Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

2. Оның ішінде ет тағамдары?

3. Сиыр сүтінен жасалатын сусын?

4. Бие сүтінен жасалатын сусын?

5. Түйе сүтінен  жасалатын сусын?

6. Қазақтар жорықта, жолда  не пісіреді?

7. Ұзақ сақталатын сүт тағамы?

8. Дертке шипа, денеге күш не?

Ә)Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Б)Сергіту сәті.

Кәнеки,  тұрып  денемізді жаттықтырайық.

Басымызды он жаққа бұрып, көршімізге қарайық.

Басымызды сол жаққа бұрып, сол жақ көршімізге қарайық.

Төмен  қарап, он құлақпен еденнің астында не болатынын тыңдайық.

Сол құлақпен тыңдайық.

Аспанға қарап, ұшып бара жатқан құстарға қарайық.

Басымызды иіп, аяк киіміміздің ұшына, тазалығына қарайық.

Қолымызды көтеріп ұшып бара жатқан құстарға сәлем айтайық.

В) Тамақ жегенде  төмендегілерге абай болу керек.

Қазақ дастарқаны өте бай. Ол сүттен, еттен жасалатын тағамдар.Мысалы: бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая. Сүт тағамдары: айран, ірімшік, құрт. Сусын тағамдары: қымыз,шұбат, көже, тары көже,  бидай көже, күріш көже, т.б. Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі, жасы үлкен  адам  бата береді, ас қайырады.

 

1) Интерактивті тақтадағы  суреттермен танысу.

 

 

 

 

 

А) Қойылған  сұрақтарға жауап береді.Жұптық жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә) дәптерге жеке орындайды

 

 

 

Б) Бірлесіп жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В) Хормен (бірлесіп) оқиды.

1. Тамақтың тазалығына  қарау керек.

2. Тамақтың алдында қолды жуу керек.

3. Тамақты асықпай жеу керек.

4.Тамақты көп шайнау керек.

5. Ыстық тамақты суытып жеу керек.

6. Тамақтан кейін қолды және  ауызды шаю керек.

 

15 минут

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.13 Kb
Количество скачиваний: 88
Просмотров: 236

Похожие материалы