Сабақ жоспары."Табиғаттағы су. Бұлт және тұман" 3 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және  тұман.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.

Дамытушылығы: осы сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай  пайда болатынын түсінеді.

Тәрбиелігі :    Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге. Отанын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жауын-шашын,бұлт кестелері; слайдтар.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру,түртіп алу стратегиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен сабаққа  жалпы шолу жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

І. Шаттық шеңбері:

Жер дегенде -2 қолды көтеру,

Су дегенде -2 қолмен төмен қарай желпу

Ауа дегенде -2 қолды сыртқа қарай желпу

Күн дегенде алысқа қарау

Хормен: Күн, ауа, су, жер –біздің достарымыз.

-өте жақсы балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.

ІІ. –Ал, қане балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

-Ауа,жел.

-Ауа бізге не үшін керек?

-Ауа  бізге тыныс алу үшін керек.

-Ауа қалай қозғалады?

-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.

-Жел дегеніміз не?

- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп айтамыз.

- Желдің қандай түрлері болады?

-Самал жел, күшті жел,дауыл.

ІІІ. Балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бұлт. Жауын-шашын»

Балалар кім айтады, бұлт дегеніміз не?

(мұнда оқушылардың ойлары мен жауаптары тыңдалады)

 1.Бұлт туралы түсінік жүргізіледі:

Жер бетінде су көп. Су өзен,көл,теңіз,мұхит түрінде таралған. Су ұдайы буланады. Ауада көзге көрінбейтін су буы  әрқашанда бар. Ауа салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман және бұлт осындай тамшылардан тұрады.Тұман төмен жер бетінде, ал бұлт биік аспанда болады.Бұлттағы майда су тамшылары бір-бірімен бірігіп, іріленеді. Бұлт түнеріп, бірте-бірте қара бұлтқа айналады.

Бұлттар көшіп жүреді. Оларды жердің бетімен жел айдайды.

 

Бұлттың түрлері

                     

 

 

 

                                     Шарбы бұлт                  Будақ бұлт     Қабатты бұлт    

Шарбы бұлт: ең биіктікте жүреді және ең жеңілі 6км.-18км.биіктікте түзіледі.

Будақ бұлт- 2-ден-6км дейінгі биіктікте. Будақ бұлттың түсі сұрдан қараға дейінгі аралықта.

Қабатты бұлт-ең ауыр және төменде орналасқан. Олар жер бетінен 2км. Биіктікте пайда болады.

2. Жауын-шашын туралы түсінік.

Жаңағы айтып кеттік қой майда тамшылар бір-бірімен бірігіп,іріленеді бұлтқа айналады.Су тамшылары ауырлайды да, ауа оларды ұстап тұра алмайды. Олар жерге жаңбыр болып жауады

Жаңбыр-жылдың жылы мезгілінде жауады.

Қыста будан қар ұлпалары түзіледі.

Жазда ауаға су буы жинақталады. Түнде жер беті ауаға қарағанда тезірек салқындайды. Жылы ауа салқын жер бетімен жанасқанда, одан су тамшылары бөлініп шығады. Су тамшылары шөпке, топырақтың бетіне түседі. Ол-шық. Күздің соңы мен қыста қырау пайда болады.

 

 

 

Жауын-шашанның түрлері:

                     

 

 

                                       Жаңбыр                 

                                                                 қар        Бұршақ       шық            қырау           

Балалар  қане кішкене денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Самал желі  биледі.

Қабат-қабат бұлт келді,

Жауын-шашын төгілді.

Үлкен-кіші көңілді.

 

Сабақты бекіту:

-Сонымен балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

-Тұман мен бұлт неден тұрады екен?

-Жаңбыр мен қар қалай пайда болады?

-Бұршақ қалай түзіледі?

-Бұлттың қандай түрлері бар?

Оқулықпен жұмыс. Сәйкестігін тап: 
1.Будақ бұлттар А.Ұзаққа созылған ақ жаңбыр жауады. 
2.Шарбы бұлттар Ә. Түтіліп үйіліп жатқан жүнге, мақтаға ұқсайды 
3.Қабат бұлттар Б.Малдың ішкі шарбы майына ұқсайды 
Жауабы: 1- Ә, 2-Б, 3-А. 
Мақалды толықтыр: 
Жел дауылды айдайды, (бұлт жауынды айдайды) 
... – жаңбыр хабаршысы. (Бұлт) 
ІІІ.Ой – толғаныс. 
1.«Тұманның пайдасы мен зияны» 
2. «Ойланайық!» 
Салтанат аспанды торлаған бұлттарға қарап, әр нәрсенің бейнесіне ұқсатып отырды. Құрбысы оған телефон соғып, көл маңына серуендеп келуге шақырды. Салтанат барар – бармасын білмей ойланып қалды. Қандай кеңес берер едіңдер? Ауа райы өзгеруі мүмкін бе? 
Оқушыларды бағалау 
Үйге тапсырма: Бұлттың ерекшелігіне байланысты кесте толтыру. 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 3.64 Mb
Количество скачиваний: 80
Просмотров: 417

Похожие материалы