Сабақ тақырыбы: "Құстар"

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Құстар»

Мақсаты:

А) Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.

Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.

Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс - ойын

Әдіс-тәсілдері: мақал-мәтелдерді жатқа айту, баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – көктем жаршысы!», нақыл сөздер.

Көрініс: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар! Қадірменді қонақтар!Хош келдіңіздер!Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерді құстар мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар - көктем жаршысы!» атты тәрбиелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер! Табиғатта да адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы көрінісімен ормандарды, саябақтарды, шалғындарды және табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді.

Құстар,құстар келеді

Жерді шуға бөледі

Көктем келді деп бізге

Жақсы хабар береді.

Би: «Көктем вальсі»

Орындайтын: «Нұр» бишілер тобы

Сайыс бағдарламасы:

1.Таныстыру. Әр топ басшысы өз топтарын таныстырады.

2.«Құстар сайрайды» айдары. Бұл ойынның шарты бойынша жасырылған құстардың дауысын қандай құстың дауысы екенін тауып, сол құсқа сипаттама беру.

3.«Тапқыр болсаң,тауып көр» мақал-мәтелдер сайысы. Үй тапсырмасы.

4.«Сен құстарды білесің бе?» жұмбақтар сайысы.

5.«Құстар – біздің досымыз» көрініс. Құстарға қамқор болу, аялау, қорғау мақсатында қойылған қойылымға әр топ өз ойларын айту.

6.«Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға белгілі бір құстың суреті беріледі, сол суретті жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын байқата отырып, қиылған құс бейнесін құрастыру.

7. Қорытынды.

Бұл сайыста«Қарлығаш» тобы мен«Көгершін» тобы жарысқалы отыр. «Қарлығаш» тобы: Ақнұр, Бекарыс, Бақберген, Марта, Аружан, Данияр, Мәдениет, Ерасыл.

«Көгершін» тобы: Гүлден, Тұрлыхан, Асылай, Алтынбек, Аружан, Гүлдана, Гүлбаршын, Диана.

Олай болса әділқазылар алқасымен таныс болайық!

М.Сиранов орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі: Үмбетова Құралай, Тұрымбетова Жапырақ.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сүйінішқалиева Жеңісгүл, Бексұлтанова Жанар.

Жүру барысы:

I.Таныстыру.

Қарлығаш - адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Оны «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген ертегіден ұғынуға болады. Қарлығаш өте пайдалы құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды. Қарлығаш құсына ән шығармаған,өлең жазбаған ақын кемде кем. Қарлығаш әдеміліктің де символы.«Қасың бар қанатындай қарлығаштың, болсайшы бәрі сендей қарындастың» деген қара өлең - соның дәлелі. Қарлығаш адамға ең жақын, киелі құс болып табылады. Сондықтан тобымыздың атын қарлығаш деп атадық.

Көгершін: Дана қазақ аққуды - махаббаттың, қарлығашты- мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, танымал әннің қаһарманы - көгершін құсы.Көгершін –бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Қазақ халқы көгершінді қастерлейді.

Бейбітшілік құсы көгершін

Жер бетінде бейбіт еңбек, көгерсін

Аспан тұнық , шат көңілді болайық

Ақ ниетті, адал жандар көбейсін – деген мақсатта біз көгершінді алып отырмыз.

II.Жүргізуші:

  • Оянып бар табиғат ұйқысынан

Жадырап құтылғандай құс қамынан

Көктемді шуға бөлеп , әнге ораған

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан дей отырып,«Құстар сайрайды» айдарына кезек береміз. Оқушыларға құстардың дауысы жасырылды. Оны оқушылар тауып, сол құсқа сипаттама берді.

«Қарлығаш» тобы:

Аққу - сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Сыңарынан айырылған аққу да аспандап барып, құлап өледі. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды.

Бұлбұл - әнші құс.Бұлбұлдың дауысы адамды жақсы әсерге бөлейді.Бұлбұл әр түрлі жәндіктермен қоректеніп, орман шаруашылығына көп пайда келтіреді.Бұлбұл – жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ұялауға ұшып келеді.

«Көгершін» тобы:

Бүркіт - киелі,қастерлі құс. Бүркіттіежелден «қасиетті құс» депқастерлеп, «даласермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» депқұрмет тұтты. Бүркіттіңқанат, құйрық қауырсынын, бас терісін,тұяғын, аяғын алып үйдің төріне түс киізге, жас баланыңбесігінің басынаіліп қояды. Мұның себебі,қасиеттіқұс адамдыпәле-жаладан, көз-сұқтан, қатерден сақтайды, баланышошынуданқорғайды дейді.Бүркіт әбден қартайған кезде өзін-өзі аспаннан тастап өлтіреді екен.

Көкек – жыл құсы. Жылы жақтан сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты. Көкек жұмыртқа баспайды. Олар өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына апарып салады.Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.

III.Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал-мәтелдері қаншама десеңші!Мақал - мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Олай болса «Тапқыр болсаң, тауып көр» мақал - мәтелдер сайысына кезек берейік. Екі топ бір-біріне мақал-мәтел жасырды.

ØАққу құссыз-көл жетім, (айтылмаған сөз жетім).

ØӨлеңге енсе-сөз сұлу, (аққу жүзсе-көл сұлу).

ØШаңырақ тұрмас уықсыз, (құс қоналмас құйрықсыз).

ØҚарға баптанып, сұңқар болмас,( есек мақтанып, тұлпар болмас).

ØЕрді талап ұшырар, (құсты қанат ұшырар).

ØЕр елге паналайды, (аққу көлге паналайды).

ØАққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес, (ер жігітке оқ тисе, қиналғанын білдірмес).

ØЕсек мақтанып тұлпар болмас, (қарға мақтанып сұқғар болмас).

ØҰядағыны жылан ғана көреді, (қиядағыны қыран ғана көреді).

ØАққуды атпа, (досыңды сатпа).

ØҚұс қанатымен ұшады,( құйрығымен қонады).

ØИт тамағы үшін жүгіреді, (құс тамағы үшін ұшады).

ØТоты құс бойына қарап зорланады, (аяғына қарап қорланады).

Ø

Ән: «Ақ көгершін»

Орындайтын: 7 «а» сынып оқушысы Аймұратова Ару

  • Жүргізуші:Құстар адам өміріне сән - салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рақатқа бөлейді. Сондықтан, атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең сұлу ерекшеліктерді құстарға теңеп, «аққу мойын», «қасы қарлығаштың қанатындай», «бүркіт тұмсық», «қаз дауысты»т. б. деп сипаттаса, «Қарлығаш», «Сандуғаш», «Бүркітбай» деп балаларына ат берген.

IV.«Сен құстарды білесің бе?» жұмбақтар сайысы. Оқушыларғақұстар туралы жұмбақ жасырылып, оған оқушылар ойланып, тапқырлықпен жауап берді.

«Қарлығаш» тобына:

1.Қызығып әр адам

Ұстап ап даладан

Жүнінен жұлып ап

Бесікке қадаған

Бұл қай құс?

(Үкі)

2.Қашаудай мықты тұмсығым

Бәсеке тігем бұл шыным

Құрт,қоңыз,аулап жарысам

Орман дәрігері боп табылам

(Тоқылдақ)

3.Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайран салып ап

Қыста алысқа кетеді

(Қараторғай)

4.Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

(Түйеқұс)

«Көгершін» тобына:

1.Он екі айдың біреуі

Сірә оның атында

Өзге ұяға із тастап

Мен деп жар сап жүреді

  • (Көкек)

2.Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай

(Қарылғаш)

3.Көңілдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны байқаған,

Адамдар оны сақтаған.

Бұл қандай құс?

(Аққу)

4. Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылдақтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

(Сауысқан)

V. «Құстар – біздің досымыз»көрініс. Қойылған көрініске екі топтың оқушылары ой айтады. Екі топтың оқушылары да қойылған көрініскеөз ойларын айтты.

«Қарлығаш» тобы:

Оқушылар жауабы:Айбектің бұл іс-әрекеті дұрыс емес.Үлкен кісінің айтқан ақылы өте дұрыс. Тоқылдақтың адам өмірінде маңызы зор.Ол ағаштардағы зиянкестерді жеп ағаштарға, табиғатқа пайда келтіреді. Ашу дұшпан ақыл дос демекші ашуға беріліп біз ондай әрекеттерге бармау керек екенін, үлкеннің айтқанын тыңдау керек екенін, құстарды аялау керек екенін түсіндік.

«Көгершін» тобы:

Оқушылар жауабы:Үсеннің Асанға жұмыртқаны ұясына қайтадан апарып тастайық деп айтқаны өте дұрыс.Құстардың жұмыртқасын ұясынан алуға, жарып тастауға болмайды.Құстар өте пайдалы.Қарлығаш адамға ең жақын пайдалы құс.Оның жұмыртқаларынан қарлығаштың балапандары пайда болады. Біз оларды қорғауымыз керекпіз, қамқор болу керекпіз. Құстардың ұясына тиіспеуіміз керекпіз. Осы көріністен құстарға әрқашан қамқор болу керекпіз деген ой түйіндедік.

Би: Н.Тілендиевтің «Құстар әні»

Орындайтын: «Гүлдер» би тобы

VI.«Кім жылдам?» ойыны. Оқушыларға белгілі бір құстың суреті берілді, сол суретті екі топта жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын байқата отырып, қиылған құс бейнесін құрастырды.

VII.Қорытынды

Жүргізуші:Жарайсыңдар,оқушылар!Бүгінгі сайысымыз өзмәресіне жетті. Екі топтың оқушылары да ізденіп,үлкендайындықпен келгендігі көрініп-ақ тұр. Сайысты қорытындылау үшінЖанар мен Жапырақ апайға сөз берілді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 146.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 151

Похожие материалы