Сабақтың тақырыбы: "Қ. Жұмаділовтың ,,Қозыкүрең ,, әңгімесіндегі тұлпар бейнесі"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділовтың ,,Қозыкүрең ,, әңгімесіндегі тұлпар бейнесі

Мақсаты:1. Қ. Жұмаділовтің ,,Қозыкүрең,, әңгімесінен түсінгендерін ортаға салу, шығарма тіліне тоқталу. Кейіпкерлер және Қозыкүрең бейнесін ашу. Құлагер мен Қозыкүреңді салыстыру.2. Отаныны, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.3. Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыру барысында ақыл–ой, дүниетанымдық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: мағынаны тану сабағы.

Сабақтың көрнекілігі:плакаттар, суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлемдесу, түгендеу. - Оқушыларды 3 топқа бөлу. Бағалау парағы таратылады.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Қызығушылығын арттыру сәті.

IV. Мағынаны тану сатысы: "Проблемамен саудалас", "Суреттер сөйлейді" , "Шығармалар кестесі" , "Шығармашылықты шыңдау" , "Жинақтау".

V. Ойтолғау сатысы: ,,Топтастыру,,

VI. Қорытынды.

VII. Үйге тапсырма.

VIII. Бағалау.

ll. Үй тапсырмасын сұрау: ,,Қозыкүрең,, әңгімесін мазмұндау. Қозыкүрең әңгімесіндегі өзекті оқиғалар.
І топ

1. Оқиғаның басталуы.
1. 1. Алатау қазақ пен қырғыздың құт береке қонысы.
1. 2. Сапарға сайланып шығу - ел дәстүрі
2. Оқиғаның байланысы.
2. 1 Ұрпақтар сабақтастығы – ата аманаты.
2. 2 Сән - салтанаты жарасқан елдің татулығы.
ІІ топ

3. Оқиғаның дамуы.
3. 1 Текті жылқының жершілдігі. Төреқұл әңгімесі.
3. 2 «Қозыкүрең»жайлы Саяқбай әңгімесіндегі күдікті ойлар.
4. Оқиғаның шиеленісуі
4. 1 Қозыкүреңнің қашып шығуы – жылқышыларға үрей туғызуы
4. 2 Атылған оқ Қозыкүреңге дарымады.
ІІІ топ

5. Оқиғаның шарықтау шегі.
5. 1 Қозыкүреңнің елге оралуы - жаралы жауынгердің елімен қауышуы тәрізді
5. 2 Суыт жүрістен қызылмай боп зорыққан ат оңалмады.
6. Оқиға шешімі.
6. 1 Қозыкүрең өлімі, адамша арулап, терісін сыпырмай көмеді.
6. 2 сыйластық жарасымы - Ағыбайға Төреқұлдың сыйы.
lll. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ САТЫСЫ: І топ- Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы. Повестен алынған үзіндіні не себепті «Қозыкүрең» деп атаған?
ІІ топ- Қазақ пен қырғыз халқының достығы, ортақ салт дәстүрі туралы не білесіңдер?
ІІІ топ- Әңгімеге арқау болған незігі мәселе қандай? Сұраққа топ болып ақылдасып жауап жазады. Сыни ойлайды. 4 мин Қолпаштау IV. Мағынаны тану сатысы: Шығарманы толық талдау үшін бірнеше сыни тұрғыдан стратегиялар қолданамын. ,,Проблемамен саудалас,,. 1-топ 2-ші топқа, 2-ші топ 3-ші 1-топқа сұрақтар береді. Әр топ 2 минут дайындалып, топтан бір спикер жауап береді.

,, Суреттер сөйлейді,,. Әңгімені үш бөлімге бөлейік, сол бөлімдер бойынша әр топ сурет салып келіп, қорғайды.

Шығарма тіліне тоқталу ,,Эксперт парағы,, бойынша жүзеге асады. Әр топқа беріледі. Бұл кітаппен жұмыс болып саналады. Шығармадан теңеу, портрет, пейзаждарды тауып, эксперт парағына жазып, әр топтан бір спикер оқып береді. Сәкен Жүнісовтың ,,Ақырғы бәйге,, әңгімесімен Қабдеш Жұмаділовтің ,,Қозыкүрең,, әңгімесі арасындағы ортақ көрсеткіштерге тоқталу барысында: Шығармалар кестесін толтырады.

Қ. Жұмаділов

,,Қозыкүрең,,

Сұрақтар

С. Жүнісов ,,Ақырғы бәйге,,

Оқиға орны

Идеясы

Кейіпкерлері

Ортақ көрсеткіш

Аттарды сынаған кімдер?

Әңгіме соңында не болды?

Аттар қалай мерт болды?

Өзіңе ұнаған жері?

Кесте топқа таратылады. Оқушыларға түсіндіріледі. Оқушыларға схемасы бар эксперт парақтары таратылады. Толтырылады. Жиналып, бағаланады.

Шығармашылықты шыңдау І топ – Төреқұлға хат;
ІІ топ – Ағыбайға хат;
ІІІ топ – Қозыкүреңге хат; Берілген тапсырма бойынша хат жазады. Өз ойын еркін жеткізе алады. 5 мин Жинақтау
Жылқы малының қасиеттілігін, пайдасын ұғындыру
І топ: Қозыкүрең бейнесі арқылы жылқы малының қасиеттіліген дәлелдеу.
2-топ: Жылқы малы туралы мақал-мәтелдер жаз және халық даналығының мағынасын аш.
3-топқа: Жылқының жасына қарай жіктеу. Постер жасауы тиіс

1.Оқушылар жылқының қандай өзге жануарлардан айырмашылығы бар екенін айтуы керек.
-киелі, қасиетті, 7қазынаның бірі, тазалықты сүйеді, өт жоқ,сезімтал.
2.Халық даналығының мағынасын аша білуі керек.
3.Жылқыны жасына қарай жіктеу білуі.
3.Жылқы төлдерін былай бөледі:
* құлын (биенің жас төлі),
* жабағы (6 айдан асқан құлын),
* тай (1 жастан асқаны) деп атайды.
* құнажын байтал (2 жастан асқаны),
* дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
* дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
* бесті бие (4 жастан асқаны),
* қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
* кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
* жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.
V. Ойтолғау сатысы:

Жылқы малының қасиеттерін еске түсіре отырып, ,,топтастыру,, стратегиясын қолданамыз.

Киелі

Ыдыс 7 қазынаның бірі

Жылқы

Сезімтал тазалықты сүйеді


Өт жоқ

VII. Қорытынды. 3 топқа ортақ тапсырма. ,,Бес жолды өлең,, құрастырайық.

VII. Үйге тапсырма: ,,Менің тұлпарым,, атты әңгіме жазып келу.

VIII. Бағалау парағы бойынша оқушылар әр топқа баға қояды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.98 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 133

Похожие материалы