Сабақтың тақырыбы: " Табиғат көрінісін бейнелеу" 5 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат көрінісін бейнелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға табиғат көріністері жайлы мағлұмат беру,

суретшілердің табиғат көріністері бейнеленген

шығармаларының мазмұнын ашу, талдау, теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

ә) Дамытушылық: Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту,

өз ойын қағаз бетіне еркін, жатық жеткізе білуге

дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға

үйрету.

б) Тәрбиелілік: Жас ұрпақ бойына эстетикалық мәдениетті, сұлулықты

тани білуді қалыптастыру, ұлы мұраттар жолында еңбек

етуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, қағаз, қарындаш, өшіргіш, сызғыш, табиғат көріністері бейнеленген шығармалар, фотосуреттер, дидактикалық материалдар және т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуде алуан құбылыстарды бақылауға дағдыланады. Әсіресе бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен алған білімдерін табиғат көрінісін бейнелеу барысында одан әрі жетілдіре түседі. Табиғат көрінісін бейнелеудегі негізгі мақсат - кеңістіктегі сұлу табиғаттың көзбен көріп, көңілмен қабылдаған көріністерін суретке салу. Оқушылар табиғат көрінісін бейнелеуден бұрын оны бақылап көруге үйренеді. Табиғаттың әр алуан құбылыстарын меңгеруге дағдыланады. Соның әсерінен табиғат көрінісін сәтті бейнелеуге үйренеді. Ауа райының жиі құбылуына байланысты заттың түр-түсі ерекшелігіне назар аударып, бейнелеу дағдысын қалыптастыру қажет. Ол үшін үнемі табиғатта серуендегенде оны көзбен бақылауға әдеттенген дұрыс. Соның себеп-салдарынан өзін қоршаған табиғат ортасын есте сақтауға, көркем бейнелеуге тырысады. Табиғат құбылысы үнемі өзгерісте болғандықтан жылдам сурет салуға жаттыққан орынды. Табиғат көрінісін қас қағым сәтте бейнелеу «этюд» деп аталады. Этюд жазу барысында оқушы табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерін сәтті бейнелеуге тырысады. Оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін маман мұғалім болып табылады. Пән мүғалімі оқушыларды этюд
жазып орындауға үйретуі керек.


Этюд орындау үш топқа бөлінеді:

а) табиғат көрінісін қағаз бетіне қарындашпен ықшамды етіп сызып белгілеу;

ә) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;

б) түстік бояу шешімін табу.

Оқушы ең алдымен табиғат көрінісінен алған алғашқы әсерді міндетті түрде есте сақтап қалуға дағдылануы керек. Әдетте, оқушылар тылсым тыныштықтағы саялы табиғат көрінісін бейнелеуді ұнатады. Кейбір жағдайда оқушылар пән мұғалімімен тікелей пікір алмаспайды, соның нәтижесінде табиғат көрінісін бейнелеуде қиыншылыққа кездеседі.

Табиғатты бейнелегенде бірқатар кемшіліктерді байқауға болады, олар мыналар:

1) табиғат көрінісін таңдаудың кездейсоқтығы;

2) қағазға үйлесімді шешімінің табылмауы;

3) негізгі қатынастардың бояу үйлестігінде дұрыс табылмауы (аспан, жер, су);

4) алыстағы көріністердің шамадан тыс көрсетілуі.

Табиғат көрінісін бейнелеуде түстік бояу кұрылымын карастыруды шартты түрде екі буынға бөлуге болады. Біріншіден, табиғат көрінісін бейнелеуде жылы және суық түстердің арақатынасының басты ерекшелігін таба білу. Екіншіден, табиғат көрінісіне байланысты құраушы бояулар тобын таңдап алу. Фотосуреттер мен кинокадрлардан гөрі тірі табиғат аясында алған әсер әрбір оқушы бойына шабыт береді. Табиғат көрінісін бейнелеуде суреттің ролі зор. Дайындық суреттің бастамасы кәдімгі қарындашпен бейнеленген нобайлар болып табылады.

Өте аз уақытта орындалатын дайындық сурет салуда негізгі үш талап қойылады.

1. Қағазда суреттің үйлесімдік шартын жоғалтпау.

2. Заттардың жазықтағы бейнесін дұрыс құрай білу, құрылысын жіктеу, кейбір бөлшектеріне дейін анықтау.

3. Тепе-тендік сақтауда сызықтық және ауа перспективасын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеу.

Күзгі көріністі бейнелеу үлгісі

Жазғы көріністі бейнелеу үлгісі

Үйге тапсырма беру: Табиғат көрінісін бейнеле.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 244.5 Kb
Количество скачиваний: 57
Просмотров: 250

Похожие материалы