Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар: арқанға шығудың екі әдісі
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ахметова Дина Елтаевна
|
Сабақтың мақсаты: білімділік: Гимнастикалық жаттығулар, гимнастикалық жаттығуларға қойылатын талаптар, оның қауіпсіздік ережелері туралы түсінік беру.
дамытушылық: гимнастикалық жаттығулардың көмегімен оқушылардың денсаулықтарын нығайту.
тәрбиелік: оқушылардың адамгершілігін, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, өнегелі көркемдік танымды үйренуге тәрбиелеу.
Өтетін орны: Спорт зал
Қүралдар:Арқан, Кос сырық, таяқша, доп, т.б.
І. Ұйымдастыру
І.Сапқа түру, рапорт қабылдау, сәлемдесу.
Сабаққа дайындық
ІІ. Кіріспе бөлім
Жүру
-өкшемен
-табанның сыртқы қырымен
-табанның ішкі қырымен
-аяқтың ұшымен
Жүгіру
-жылан әдісімен жүгіру
-оң жақ қапталмен
-сол жақ қапталмен
-арқамен алға
-тізені көтеріп
-аяқты артқа сермеп
-аяқты алға түзу көтеріп
-оң аяқпен секіру
-сол аяқпен секіру
-екі рет оң аяқпен және сол аяқпен секіру
-жылдам жүгіру
Демді қалыпқа келтіру
жаттығулары
-жартылай отырып жүру
-толық отырып жүру
-орыннан алға секіру
Жалпы дене шынықтыру жаттығулары
1.Бастапқы қалып- қол белде, аяқ иық деңгейінде. Басты 1-4 оңға қарай, 5-8 солға қарай айналдыру.
2.Бастапқы қалып:-қол белде, 1қол алға, 2қол жоғарыда, 3 қол екі жанда, 4 бастапқы қалып.
3.Бастапқы қалып: қол иықта, аяқ иық деңгейінде. 1-4 иық алға қарай, 5-8 иықты артқа қарай айналдыру.
4 Бастапқы қалып: екі қол алда, оң қол сол қолдан сәл жоғары. 1-2 оң қолды, 3-4 сол қолды жоғары ұстап алға, артқа сермеу.
5.Бастапқы қалып- екі қол кеуде тұсында. 1-2 шынтақты бүге жазып, 3-4шынтақты аша жазу.
6.Бастапқы қалып: оң қол жоғары, сол қол белде, аяқ иық денгейінде.1-2-3 солға қарай иілу, 4-қолды алмастыру, қайта оңға қарай жасау.
7.Бастапқы қалып: қол белде, аяқ иық деңгейінде. 1-оң аяққа, 2- сол аяққа, 3-екі аяқтың ортасына иілу, 4-бастапқы қалып.
8.Бастапқы қалып: екі қол алда түзу. 1-оң аяқты сол колдың ұшына тигізу, 2-сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу, 3-4 қайталау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 143.88 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |