Сабақтың тақырыбы: Достық өлеңі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы : Достық.

Сабақтың мақсаты :    Өлеңді мәнерлеп оқи алу және достық туралы мәлімет білу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Ресурстар: оқулық, интербелсенді тақта, ватман, маркер, дәптер, кеспе.

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

-          Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ бар білімімізді көрсетіп, сабаққа бар ынтамызбен қатысайық. Ортаға шығып тренинг жасайық. Мен әрқайсыңа сағаттың суретін беремін, әр санның бойына өз достарыңның есімін жазамыз. Ортаға өз атымызды жазамыз.

Жазып болсақ, енді мені тыңдаймыз да мен не айтамын соны досымызға барып жасаймыз.

1. Қолын қысыңыз

2. Арқасынан қағыңыз

3.Күлімсіреңіз

4.Қол бұлғаңыз

5.Көзіңізді қысыңыз

6.Жылы сөз айтыңыз

7.Қол ұстасып, айналыңыз

8.Басынан сипаңыз

9.Құшақтаңыз

10.Бір тілек айтыңыз

11. Қолынан сүйіңіз

12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз

2.Үй жұмысын тексеру:

-          Шеңберге тұрып, доппен үй жұмысын тексеремін.

1.      Үйге берілген әңгіменің аты қалай ?

2.      Басты кейіпкерінің аты кім ?

3.      Лұқман қандай мағынаны білдіреді?

4.      Бір күні Лұқманға бір кісі келіп не алады ?

5.      Ол мың алтынды алады да не ойлайды ?

6.      Қарыз алушы алтынынан қалай айырылып қалады ?

7.      Қарыз алған кісі Лұқман хакімге неге қайтып келеді?

8.      Тағы мығ алтын алып, не ойлады?

9.      Алтын адам адам әлгі алтынды қандай пайдаға жаратты?

10.  Қарызын қайтарды ма?

11.  Лұқман хакім оған қандай өсиет айтты?

3.Суреттер арқылы  3 топқа бөлу. Әр топтан бір оқушыға бағалау парағын беріп қою.

- Балалар, енді мына әнді тыңдап көрейікші. ( Т.Серіковтің орындауында «Достарым»)

Неге мен сендерге осындай ән тыңдаттым?  Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар? Мақсатымыз қандай болады ?

-          Достық туралы.

-          Жақсы балалар, бүгінгі сабағымыз достық туралы. Енді әр топ оқулықтағы өлеңді оқып шығады да түсінгендерін  постерге түсіреді.

Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

-          Екінші тапсырмамыз мынадай болады. Әр топқа кеспе таратамын, сол кеспедегі сұрақтарға жауап береміз.

1-     топ: Нағыз дос қандай болуы керек ?

2-     топ: Достар бір-біріне қандай жақсылық жасай алады?

3-     топ: Өлеңдегі негізгі ойды айтыңдар.

Әр топтың жауаптары тыңдалады.Дарынды балаларға бөлек тапсырма беру.

А- оқушыларға : 3 минуттық эссе Менің досым тақырыбында.

В- оқушыларға : 5 жолды өлең шығару

С- оқушыларға : достық туралы мақал-мәтел жазу

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

-          Әр топқа жағдаяттар таратып беремін. Сол жағдаяттарды топпен шешіп көрейік.

1-     топ: Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек:

-          Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

·         Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2-топ : Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар » атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

·         Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай ? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

3-топ: Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді...

Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

·         Сендер Мұхиттың досы болсаңдар, не істер едіңдер?

Әр топтың бағалау парағын тексеру. Неліктен олай бағалады сұрау.

Қорытынды:

-          Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды? Не білдік ? Енді әркім өз досының атын айтып, тілек айтсын.

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқып, досыңа сурет салып кел.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.21 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 120

Похожие материалы