Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Шалгимбаева Орунбасар --
|
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Х дыбысы мен әрпін таныту, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Х дыбысына қатысты жаңа сөздерді таныту арқылы оқушылардың білімін жетілдіру, тілін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды білімділікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
ІІ. Үй тапсырмасы: Ю дыбысы мен әрпі
« Сөз ойла, тез ойла» ойыны
а) ю дыбысы бар сөздерді айту:
ә) ю дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлу.
А - ю, о - ю, то - ю, қо - ю, ү - ю.
б) “Асыл мұра” мәтінін әр қатардан 3 – 4 балаға оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: “Х дыбысы мен әрпі”.
Жұмбақ жасыру.
- Бұны сендердің әжелеріңіз, аналарыңыз, апаларыңыз үйде киеді.
- Кейде оны дәрігердің үстінен де көруге болады. Бұл - киім.
- Халат сөзінде неше дыбыс бар?
- Ол қандай дыбыстар?
- Бірінші дыбыс қандай?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымызда біз Х дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.7 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |