Сабақтың тақырыбы: М.Ә.Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»

Предмет: Биология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Олжас: Н.Погодин: Әуезов қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді.М.Әуезовты «Екінші Абай» деуде де белгілі мағына бар, Абай-ұлы реалист ақын.Ол өз заманының өмір шындығын суреттеп, халқының мұң-мүддесін жырлаған биік поэзия жасады.М.Әуезов болса, ол да сол заманның өмәр шындығын тұтас қамтып, халық өмірінің ойы мен қырын қопара суреттеген көркем прозаның, кең мағынасында, наңыз поэзияның жаңа шыңын жасады. М.Әуезовтың шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Каракөз», «Абай», «Көксерек», «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», «Қараш-Қараш оқиғасы». Мұғалім: Балалар, «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінде әлеуметтік әділетсіздікке қарсы шыққан қайсар жігіттің образы сомдалып, оның ақырғы әрекетке тәуекел жасардағы ішкі арпалысы тереңдігімен тәнті етеді.Табиғаттың өзі басты кейіпкер Бақтығұлдың ішкі психологиялық арпалысымен астасып, өзгеше көркемдік тұтастықпен қарайды. Топ менеджері: Иә, оқиға барысында бас қаһарманның іс қимылдарына байланысты бар оқиға дамып, өркендеп немесе бәсеңдеп, сөніп, қалайда өз шешімін тауып жатады. Зерттеушілер қандай ой қосады екен? Нұрбек: Жазушының жиырмасыншы жылдардағы шығармаларының ішінен «Қараш-Қараш оқиғасы» революция қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған.Мұнда да жиырмасыншы жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы, байлардың кедейлереге жасар өктемдігі, зорлығы кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы жазылған.Шығармадағы негізгі тақырып біреу ғана: Бақтығұлдың ауыр тағдыры. Арай: Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұлдың прототипі Рысқұл, Тұрар Рысқұловтың әкесі.Тұрар Рысқұлұлы мемлекет қайраткері.Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы.Ол қоғамдық саяси қызыметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған.Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіт болған.1904 жылы патша үкіметінің зорлық зомбылыңына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылды. Топ менеджері : 1968  жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп «Выстрел на перевале» көркем фильмі түсірілді.Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық. Кинодан үзінді көрсету «Выстрел на перевале». Сергіту сәті «Музыкалық терапия» арқылы. Мұғалім: 1.       «Қараш - Қараш оқиғасы» неше бөлімнен тұрады? 2.       Әр бөлім туралы не айтар едіңдер? Топ оқушыларының ойлары тыңдалады. І. Бөлім. «Іште кеткен кек» Бұл бөлімде Тектіқұлдың ауруы, ауыр тағдыры, аянышты өлімі туралы айтылады. ІІ бөлім. «Кек жолындағы жортуыл» мұнда Бақтығұлдың өш алу жолында Сәлмен жылқысына барымтаға аттануы, биені ұрлап әкелуі туралы айтылады. ІІІ бөлім. «Қуғыншылар» Бақтығұл биені әкеліп, сойып алады, қуғыншылар үстінен дөп түседі де, оны соққыға жығады.Бақтығұлдың бойында намыс, қорлану пайда болады. ІV бөлім. «Пана іздеу» ол өзіне қорғаныш іздейді. Аңға шығып, арқар атып алады да, оны Жарасбай ауылына тарту етеді. Жарасбайға өзінің өтінішін, тілегін айтады. В бөлім. «Адасу» Ол Жарасбайдың сенімді серігіне айналады.Бақтығұл ақ жолдан таяды.Барымтаға жиі барып, әділет іздеп жүргенде әділетсіздікке еріксіз барады. VІ бөлім. «Екі жүзді аярлық» ел ішіндегі тартыстың ұлғаюы туралы Жарасбайдың сатқындығы, билер соты менүкімі туралы айтылады. VІІ бөлім. «Қуғын» бұл бөлімде қуғында жүргені, одан қашып құтылуы жайында сөз болады. VІІІ бөлім. «Өш алу» Бақтығұл өш Алу   мақсатында Қараш-Қараш тауына тығылады.Жарсбайды атып өлтіріп, өш алады. Мұғалім: міне, повесттің негізгі мазмұны ар-намысын, адамдық қасиетін таптаған жуандардан өш алу. Бақтығұл өз ісінің қате екенін біледі, кісі өлтіру-адам күнәләрінің ішіндегі ең ауыры екенін де біледі. Бірақ, ол адами қасиетін өзінің бауыр алдындағы борышын байларға таптатқысы келмейді. ІІІ топ. Жас әдебиетшілер. Жасұлан: біздің топ шығарманы зерделей отырып, оқиғаның компазициялық құрылысына талдау жасадық.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43.46 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 180

Похожие материалы