Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, сызықтық алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың түрі: топтық, жекелей

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, Паскаль бағдарламасы

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Тапсырмалар
  1. Сабақты пысықтау
  2. Үй тапсырмасы
  3. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу. Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу

1-топ: «BEGIN»

2-топ: «WRITE»

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Лото» ойыны

1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)

2. Алгоритм түрлерін ата (Сызықтық, тармақталған, циклдік)

3. Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата (табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)

4. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен тұрады. Программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)

5. Var операторының қызметі қандай? (Айнымалыларды сипаттау)

6. Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді еңгізу)

7. Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)

«Ақпараттық диктант»

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 64.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 85

Похожие материалы