Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8кл.

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау

Сабақтың мақсаты:  ҰБТ-ға дайындық

Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру. салалас құрмалас сөйлемнің басты белгігерін білу,құрылысын құрамын ажырату, Тыныс белгілерін меңгерту.

Сабақ түрі: қайталау-пысықтау сабағы.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд, үлестірмелі карточкалар, семантикалық карта, Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, зерттеу.

                                                             Сабақ барысы:  

 І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сыныпты топқа бөлу.

                            Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Слайт «Жүректен жүрекке»  Бүгінгі сабаққа жақсы тілек.8 наурыз мерекесімен қонақтарды құттықтау. «Құттықтау» слайдын көрсету.     

      Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Оны  тыңдаушыға жеткізу үшін тіл керек, әрине. Ал сол тілге тиек болатын сөздерді  жеткізу де оңай бола қоймайтыны белгілі. Бүгінгі сабақта қайталайтын салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері сөзімізді әрлендіріп, ойымызды еркін жеткізуге зор ықпал етеді екен. Әрине, оны қай жерде қалай қолдану керек екенін білсек. Ендеше, балалар, іске сәт. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, салалас құрмалас сөйлемнің қыр-сырына қанығайық. Сабағымыздың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.

              Оқушы нені білуі керек:

         Салалас құрмалас сөйлем анықтамасын;

         Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердіңөзара байланысу жолдарын:   жалғаулықты, жалғаулықсыз;

         Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін

Оқушы не істей алу керек

•                Салалас пен сабақтасты ажырата алу;

•               Тыныс белгілерін дұрыс қою;

•                Құрмалас сөйлемдерге сатылай синтаксистік талдау жасай алу;

•               Жалғаулық шылауларды дұрыс қолдана білу.

   Слайт «Жүректен жүрекке»  Бүгінгі сабаққа жақсы тілек.8 наурыз мерекесімен қонақтарды құттықтау.  Әр оқушы өз тілектерін білдіреді.                                                    

     І. Қызығушылықты ояту стратегиясы бойынша:

   1) ҰБТ- әлемдік білім беру жүйесіне жетудің алғашқы сатысы.( ҰБТ сөзін оқушылар өз түсініктерімен шешеді. Мысалы: ҰБТ- ұмтылу, білу, талпыну. ҰБТ- ұстамдылық, білімділік, талаптылық.т.б.)

    Ендеше, балалар, іске сәт. Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, салалас құрмалас сөйлемнің қыр-сырына қанығайық. Алдымен мына тақырыптарды еске түсіріп алайық:

    -  Сөйлем деген не?

    -  Айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлемдер қалай бөлінеді?

    -  Құрылысына қарай сөйлем қалай бөлінеді?

    -  Құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?

  2)  Веннн диаграммасы. Салыстырмалы әдіс қолданылады

Салалас құрмалас

Ұқсастығы

Сабақтас құрмалас

Компоненттері тиянақты, тең дәрежеде байланысады. Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады

Құрмалас сөйлем. Күрделі ойды білдіреді.Құрылымы, мағынасында ұқсастық бар

Алғашқы компоненттері тиянақсыз. Бір-біріне бағына байланысады.Қосымша арқылы байланысады. Бағыныңқы, басыңқы.

 

II Мағынаны ажырату «Қайталау сұрақтары» әдісі. Екі топтың сұрақтары слайдта көрінеді.

1)                 Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері, олардың анықтамалары еске түсіріледі.

І топ                                                                                                             ІІ топ

Себеп-салдар салалас                                                                              Ыңғайлас салалас

Түсіндірмелі  салалас                                                                              Қарсылықты салалас

Кезектес салалас                                                                                     Талғаулы салалас

(Анықтамалары, мағыналық  түрлерін нақты мысалдармен айту.)

Осы сұрақтар жауабын алғаннан кейін семантикалық карта  әдісі пайдаланылады.

2)                 Семантикалық карта.

                                                             І-топ

Сөйлемдер

Ыңғайлас

Қарсылықты

Себеп-салдар

Түсіндірмелі

Талғаулы

Кезектес

Көктемгіауаныңтазалығысондай – әркеудегежұпариісінқұйыптұр

 

 

 

+

 

 

Шоқанкөшпелітұрмыстуралыәңгімелергеықыласқойды, себебіолардыңкелешектепайдасыболарынбілді.

 

 

+

 

 

 

Қазанаспаныңаузындаоткейдежылтылдайды, кейдеқызыпжаныплапылдайды,

 

 

 

 

 

+

Кенетсолкөлеңкеқап-қарабодыда, көзжеткісізкеңістіктібасыпкетті.

+

 

 

 

 

 

Бұлөзенніңятобарсыпжатқанынкөрмейсің, якүнсіпаққанынкөрмейсің.

 

 

 

 

+

 

Бір-бірімізбенсөйлеспейкелеміз, бірақбіріміздіңойлағанымыздыекіншімізбіліпкелеміз.

 

+

 

 

 

 

                                                       ІІ топ                                  

Жалғаулықтар

Ыңғайлас

Қарсылықты

Себеп-салдар

Түсіндірмелі

Талғаулы

Кезектес

Да, де, та,те, және, әрі

+

 

 

 

 

 

Сондықтан, себебі, өйткені

 

 

+

 

 

 

Бірақ, дегенмен, әйтсе де

 

+

 

 

 

 

Сонша, сол, сондай

 

 

 

+

 

 

Не, немесе, болмаса

 

 

 

 

+

 

 

 

Біресе, бірде, кейде

 

 

 

 

 

+

 

3)                  ҒЗО «Ғылыми зерттеу орталығы» ойыны. Салалас құрмаластың тыныс белгісін еске түсіру үшін ұйымдастырылатын жұмыс. Тыныс белгісін қойып, қандай сөйлем, қандай жағдайда ондай тыныс белгісі қойылатынын түсіндіреді.

   1-топ тапсырмасы

     Сен дайын ереже ұсынасың(, - )менің оған көнгім келмейді. (жалғаулықсыз қарсылықты салалас)

     Көп күлмейтін Олжабектің қатты күлгені сонша (-) арбадан ауып түсіп қала жаздады. (түсіндірмелі салалас)

     Малшы сырын білем мен(:) қасында өскем жасымнан. (жалғаулықсыз себеп-салдар салалас, салдар мәнді сөйлем бұрын тұр)

   2-топ тапсырмасы

     Ешбір өзгеріссіз су да ақырын тербеледі(, )қалтқы да жыбыр-жыбыр қозғалады. (жалғаулықты ыңғайлас салалас)

     Алыстан екеу келеді(:) бірі(–)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 54.39 Kb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 275

Похожие материалы