Сан мен заттың арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта.

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ашық сабақ

Бөлімі: Қ.М.Ұ.Қ.

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті:Қарапайым математикалық түсініктерін  қалыптастыру.
Тақырыбы:Сан мен заттың арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта. Жыл  

                      мезгілдері.
Мақсаты:Санды заттың санымен сәйкестіндіруді үйрету.  Кеңістік қарым-қатынастары

                   туралы түсініктерін қалыптастыру (сол жақта, оң жақта,алдынд, артында

                   жоғарыда, төменде). Геометриялық фигуралар туралы білімдерін пысықтау.

                   Ойлау қабілеттерін дамыту.

                   Балаларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, «Қайсысы нені ұнатады?» дидактикалық

                    ойыны, логикалық есеп.

Құрал-жабдықтар: суреттер,шар, сандар, үлестірмелі материалдар,сіріңке шилері.

Билингвалды компонент:бір-один, екі-два, үш- три, төрт-четыре, бес-пять.

 

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

  Біз әдепті баламыз,

      Алдыменен қонақпен,

  Амандасып аламыз.

Амандасу үлкенге,

  Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз,

    Сәлем!-дейік үлкенге.

Жылулық шеңбері

Қане, қане тұрайық ,

      Үлкен шеңбер құрайық.

                      Арайлап таң атты,

                      Алтын сәуле таратты.

   Жарқырайды қаламыз,

      Жайнай түссін даламыз!

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күн жақсы өтсін, орнымызға отырамыз.

-Бүгін бізде қарапайым математикалық ұғымдар туралы ашық оқу іс-әрекеті.

 

 

 

Өлең жолын қайталап айтады.

 

 

 

 

 

Шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасап, өлең жолдарын айтады.

 

 

 

Орындарына отырады.

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Топқа әуенмен сиқыршы келеді.

Сиқыршы:

-Саламатсыңдарма балалар ? Мен сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім. Құр келген жоқпын,мына сиқырлы  шарларды ала келдім.Бұл шарлардың ішінде тапсырмалар бар,соларды дұрыс орындасаңдар сендерге сыйлығым бар.

Тәрбиеші: кәне балалар, орындаймыз ба?

Сиқыршы:

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

-Бұл шарлар осы төрт жыл мезгіліне байланысты.

-Мына шардың түсі қандай?

Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?

-Неліктен?

-Дұрыс айтасыңдар.

Жасыл шарды көрсетеді.

-Неліктен?

 

Қызыл шарды көрсетеді.

-Қызыл түс қай жыл мезгілін білдіреді?

-Неге?

Сары шарды көрсетеді.

-Неліктен?

 

 

Сиқыршы:

-Жарайсыңдар,енді шардың ішінде не бар екенің білгілерің келе ме? Кәне, шарды кім жарады?

1 тапсырма  1-ден 5-ке дейін тура және кері   

                     санау. Екі тілде санау.

                     Сандардың көршісін табу «Жоғал

                     ған» санды табу.

 

 

2 тапсырма Сан мен заттың арасындағы

                     сәйкестікті табу.

 

3 тапсырма Бір ағашта бес алма

                     Бірін бердім Санатқа

                     Бірін бердім Қанатқа

                     Менде қалды неше алма?

4 тапсырма «Қайсысы нені ұнатады?»     

                      дидак. ойын.

 

 

 

 

Тәрбиеші тапсырманы дұрыс орындаған балаға дөңгелекшелер беріп отырады.

Сиқыршы:

-Жарайсыңдар балалар, кәне шаршадық па? Бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

                    Қолды белге қоямыз.

                    Оңға, солға бұрылып,

Бір айналып шығамыз.

                    Бір, екі, үш, төрт, бес

                    Қолды қолға ұрамыз

Сиқыршы: Балалар, сендер оң жақ, сол жақ

                   ұғымдары туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші:

Кәне балалар, білеміз бе?

-Менің оң жағымда не бар?

-Сол жағымда не тұр?

-Артымда не бар?

-Алдымда не тұр?

-Жоғарыда не бар?

-Төменде не бар?

-Ал енді, сендер балалар, жолақшаның

 жоғарғы жағына қызыл түске бір қоянды  оң жақтан қойыңдар.

-Қоян нені жақсы көреді?

-Ендеше осы қоянның төменгі жағына көк текшеге бір сәбізді қойыңдар.

-Енді сол жақтан жоғарғы жолаққа екі қоян қойыңдар.

-Осы сол жақтағы екі қоянның  төменгі жағына неше сәбіз қоямыз?

-Қойып шығыңдар.

-Оң жақтағы қоянның жанына екі қоянды қойыңдар.

-Балалар қоян мен сәбіз тең болды ма?

-Сәбіздің нешеуі жетпейді?

-Ендеше теңестіреміз.

-Тең болды ма?

Сиқыршы:

-Ал қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

Тәрбиеші:

-Балалар , алдарыңдағы шиден шаршы құрастырыңдаршы.

-Неше ши қолдандыңдар?

-Үшбұрыш құрастырыңдар.

 

-Неше ши қолдандыңдар?

-Енді осы шилерден шырша құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-ия.

 

-Төрт жыл мезгілі бар.

 

 

-Ақ түсті шар.

-Қыс мезгілін білдіреді.

-Қыста жер аппақ болады.

-Көктем мезгілі.

-Жер беті жасыл шөпке толады.

 

-Жаз мезгілін білдіреді.

-Гүлдер гүлдейді.

-Күз мезгілін білдіреді.

-Айнала сап-сары жапырақтарға толы болады.

 

Балалардың біреуі шығып шарды жарады.

 

Балалар санайды.

Бір-один, екі-два, үш- три, төрт- четыре, бес- пять.

Жоғалған санды табады.

Тақтада суретпен, санмен жұмыс жасайды.

 

-Үш алма.

 

 

Сурет бойынша  жануарлардың нені ұнататынын сызық арқылы қосып көрсетеді. Мысалы: Аю

балды ұнатады.

 

 

 

-Ия

-Жарайды.

 

 

Қайталап айтып, қимылмен жасайды.

 

 

 

 

 

 

-ия

-Терезе, перде

-Теледидар, сүлгілер.

-Үстел, қолжуғыш.

-Ойыншықтар.

-Шамдар.

-Еден, кілем бар.

 

Тапсырманы орындайды.

-Сәбізді жақсы көреді.

 

 

 

 

-Екі сәбіз қоямыз.

 

 

 

 

-Жоқ

-Екеуі жетпейді.

 

-Ия

 

-Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша т.б.

 

Шаршы құрастырады.

 

-Төрт ши.

Үшбұрыш құрастырады.

-Үш ши.

Шырша құрастырады.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші :

-Сиқыршы біздің балалардың білімі қандай екен?

-Сыйлығыңды бересіз бе?

Сиқыршының жауабы.Сыйлығын береді.

Тәрбиеші әр баланың дұрыс орындаған тапсырмаларына алған дөңгелектерін санауды бұйырады. Дөңгелекті көп жинаған балаларды мақтап, мадақтайды.

 

 

 

 

 

Дөңгелектерді санайды

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:1-ден 5-ке дейінгі цифрларды, жыл мезгілдерін.

Игереді:Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді.

Меңгереді:Кеңістік қарым-қатынастары туралы түсінікті.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.52 Kb
Количество скачиваний: 46
Просмотров: 248

Похожие материалы