Сандардың арифметикалық ортасы, ауытқу өзгерісі, санның шамасы.

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, ауытқу өзгерісі, санның шамасы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сандардың арифметикалық ортасы тақырыбын тиянақтау; Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу; Дамытушылық: Сандардың ауытқу өзгерісі, шамасын әртүрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу. Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, тапсырмалар. Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап. Сабақтың түрі: бекіту сабағы Сабақтың барысы: Бағдарлау – мотивациялық кезең. Қызығушылығын ояту. Тізбектей орналасқан бүтін бес оң санның қосындысы 2005 – ке тең. Осы сандардың ең үлкені қандай? А) 401; В) 403; С) 404; Д) 405; Е) 2001. Мұғалім жетелеуімен Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода. Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық. 1 - есеп. Шахмат ойыны жарысында 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай алды. Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңдар. Шешуі. Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлу керек:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12 Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы 12 ұпай. Есептеу нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы. Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5 пен 3; 2) 7 мен 9; 3) 10 мен 12; Өз бетіндік жұмыс 1 - тапсырма. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5, 7, 10, 12, 16; 2) 14, 18, 20, 23; 2 - тапсырма. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 0, 1; 2; 0, 5; 7; 3 - тапсырма. Сандардаың модасын табыңдар: 1) 2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3; ІІ. Оқулықпен жұмыс: № 1160, 1162(1 - 2) Оқулықтан тыс тапсырма. Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі: Оқушылардың аттары Жүгірген уақыты (секунд есебімен) Серик 14, 1 Рустем 18, 2 Аңсар 15, 5 Ербол 16, 2 Нұрбол 22, 4 Даурен 16, 2 Бекжан 20, 4 Кесте бойынша: 1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар; 2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар; Рефлексиялық – бағалау кезең. Бекітуге арналған сұрақтар: 1) Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 45, 58, 76, 81; 2) Сандардың модасын табыңдар: 1) 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20; 3) Ең үлкен және ең кіші мәнәң табыңдар Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма №889; 890
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.45 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 165

Похожие материалы