Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлу
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жексемалиева Айкерим Гилажовна
|
Сабақтың тақырыбы: Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлу
Мақсаты: Санды 9 – ға көбейту мен бөлу кестесі жайлы білімдерін қайталау.
Міндеттері: өздігінен түсініп есеп шығаруға дағдыландыру; салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.
Сілтемелер Математика оқулығы «Атамұра» баспасы, 2014 жыл.
Математика оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» баспасы. 2014 жыл.
Оқыту нәтижелері: Санды 9 – ға көбейту мен бөлу кестесі жайлы білімдерін қайталайды..
Өздігінен түсініп есеп шығаруға дағдыланады, салыстырады, қорытынды жасай алады
Тапсырмалар:
Математикалық диктант
Ауызша есеп шығару.
Ой қозғау
Тапсырмалар
Бағалау
Кері байланыс
Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Математикалық диктант
1. Қандай сандардың көбейтіндісі 15- ке тең?
2. Егер бірінші көбейткіш 6, екіншісі
2 болса, көбейтіндінің мәні неге тең?
3. 2 және 6 сандарының көбейтіндісінің мәні неге тең?
4. 3 . 2 ....
5. Қандай сандардың көбейтіндісінің мәні 10 болады?
6. Қандай санды 2 – ге көбейткенде 8 шығады?
7. 5 және 1 сандарының бөліндісінің мәні неге тең ?
Ауызша есеп шығару.
Тиін 3 бұтақтың әрқайсысына 7- ден саңырауқұлақтар ілді. Бұл бұтақтарда неше саңырауқұлақтар бар?
- Есепті неліктен көбейту жолымен шығардық?
Кірпі тиінге қарағанда 4 саңырауқұлақты кем әкелді. Қандай сұрақ қоюға болады ? Бұл мәтін есепке айналу үшін, нені білу керек ?
(2 сандық деректі)
- Сұраққа қалай жауап береміз?
Орындаушылық – операциялық кезең
Ой қозғау
Осы сабаққа арналған жаттығулар өтілген материалды қайталау болып табылады. Сондықтан бүгінгі тапсырмалар өзіндік жұмыс ретінде орындалады.
1 тапсырма: Салыстыр: шарттарын, сұрақтарын, шешулерін және жауаптарын.
2 тапсырма: Салыстыр: шарттарын, сұрақтарын, шешулерін және жауаптарын.
3 тапсырма
А) Санды таңда және есептеп шығар:
«Жұптасайық»
Ә) 2 – ге қалдықсыз бөлінетін бір таңбалы сандарды бір жолға, ал қалдықсыз бөлінбейтіндерін екінші жолға теріп жаз.
Тақ сандар Жұп сандар
4 тапсырма: 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген. Әрбір жұп санды 2,3,4, есе арттыр, ал әрбір тақ санды 5,6,7,8 есе арттыр.
5 тапсырма: Амалдарды орындау
6 тапсырма: Сұрақтарға жауап бер:
Тіктөртбұрыштың
а
в
Р - ?
8 см
2 см
? см
8 см
5 см
? см
9 см
9 см
? см
9 см
6 см
? см
7 тапсырма: Түрлендір:
Шығармашылық жұмыс
Бірдей 9 қорапта бес ондықтан артық доп болды. Ал осындай 12 қорапта жеті ондықтан артық доп болды. Әр қорапта неше доптан болуы мүмкін ? ( 6)
Рефлекциялық- бағалау кезеңі.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақта мен...үйрендім.
Маған... қызықты болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... түсіндім..
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.05 Kb |
Количество скачиваний: | 73 |