Сауат ашу Тақырыбы: Күз кереметі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сауат ашу

Тақырыбы: Күз кереметі.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастырту. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Балалалдың сөздік қорларын дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмыс:бау, бақша.

Көрнекіліктер: суреттер

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

Іздену-ұйымдастырушы кезеңі

  “Шаттық шеңбері”

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!

  Жұмбақ жасыру.

1)Аспай піскен, қайнамай түскен.

2)Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

3)Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

  Сөздік жұмыс.

Бақ-әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша-көкөністер (қауын-қарбыз, қияр, т.б.) егілген жер.

  Д/о: «Дәміне қарай ажырат»

Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, андай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек.

  Дәптермен жұмыс.

а)6-7 беттегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру.

-Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

-Бақта не өседі?

-бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады?

ә)Үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу.(6-бет)

б)Д/о: «Жемістерді себетке жина»

суретте бақта өсетін  жеміс, көкөністердің және себеттің суреттері берілген.

в)Дәптердің 7-бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасы.

Сергіту сәті.

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, атын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

Балалар шаттық шеңберінде тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге қосылып айтады.

 

 

Балалар жұмбақ шешеді.

(Жеміс)

(Сәбіз)

 

(Қарбыз)

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

 

Көзі байланған бала көкөністер мен жемістердің бөліктерінен дәм татып, андай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

 

Балалар әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

 

-Ағаштардың жапырақтары сарғайған. Адамдар көкөністер мен жемістерді жинап жүр.

-Алма, алмұрт, шие, т.б.

-Жемістер.

 

 

Балалар себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

Балалар көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосып,бояйды.

Бірдей шелекті штрихтайды.

Балалар қимылмен көрсетеді.

 

 

Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

-Күздің қандай кереметін сездіңдер?

-Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер піседі?

-Суреттен жемістерді атаңдар.

-Көкөністер қайда өседі?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Бірін-бірі бағалау.

 

 

Күтілген нәтиже:

Білуі керек: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білді.

Игеруі керек: адамдардың күзгі еңбегі туралы  әңгіме құрастырту игерді.

Меңгеруі: жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінікті меңгерді.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 484.73 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 131

Похожие материалы