Сценарий для театрального выступления "Тулки"

Предмет: Музыка
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

     

     I-көрініс.

 

Сахна ашылады.Маңыраған қойлардың дауысы.Күй ойналып,ортаға

 қойшы шығып "Қойшы биі" орындалады.

   Бір кезде музыка өзгеріп,түлкі мен аю көрінеді.Түлкіні аю қуып келеді.

 

Түлкі қашып келе жатып: 

Ойбай ,мына пәледен құтқаратын кім бар мені, қайда қашып құтыламын?!

 

Сонадайда тұрған бір тамды көріп,соған тығылады.Аю да тамға кіремін дегенде тар тесігіне кеудесі сыйып,бөксесі сыймай қалады.

 

Ал,түлкі болса басқа тесігінен жылт  етіп  шығып:

-Ай,қорбаңбай аюым-ай!Маған тиісіп нең бар еді?! Тыныш үйіңде жатпадың ба? Ха-Ха-Ха! Қой, мен енді кетейін, сау бол!

 

Келемеждеп кетіп бара жатып,аңтарылып тұрған қойшыны құйрығымен бір қағып,кете барады. Аю әрең дегенде қайта шығып,жан-жағына қарайды.

Қатты ашу-ыза кернеп,болған жайды бақылап тұрған қойшыны көреді.

 

Қойшыға жақындап келіпақырады:

-Е,қойшы, сен не көрдің?

 

 Қорқып кеткен қойшы:

-Ойбай, мен ештеңе көрмедім.

 

Аю:  Жарайды. Көргеніңді айтсаң  өлесің!

 

Аю кетіп қалады.

  II-көрініс.

 

Бір бала,екі қыз ортаға шығып «Қара жорға» биін билейді.

Балалар билеп болып жүгіріп кетеді.

Қойшының әйелі ортаға төсек жаяды.Қойшы төрге жайғасады.

 

Қонаққа екі коршісі келеді:

-Ассалаумағалейкум!

-Е,амансың ба,көрші?Өзіңді көріп амандасып кетейік деп келдік.

-Уағалейкумассалам! Төрлетіңдер. Қонағым болыңдар. Әй,кемпір,қонақтарға сусын әкел.Қарап отырмай,қызықты әңгіме айта отырайық.

 

 1-көрші:

 -Әңгіме демекші Қожанасырды бәрің танисыңдар ғой. Сол Қожанасырдан біреу

«Теңіздің суы неге ащы?»деп сураса, әлгі Қожанасыр  «Теңіздің суы қозғалыссыз, бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой» деп айтыпты.

   «Ха-ха-ха»  бәрі күледі.

 2-көрші:

 

Тазша бала дәудің уйінде қонақ болыпты.Дәу оны түнде өлтірмекші болғанын сезіп қойып,тазша төсегінің орнына бөренді қойып үстіне жауып қойыпты.Әлгі дәу тунде үйдің төбесінен үлкен қара тасты тастап жіберіпті.

Таңертең үйге кіріп келсе,бала алдынан шығып, «Түнде жақсы ұйықтадым.

Рақмет! Төсегім жайлы болды. Тек аздап бүрге шаққаны болмаса»  деп дәудің өзін састырыпты.

 

 Қойшы:

Бәрін айт та, бірін айт, бүгінгі менің көрген қызығымды айт.Түлкіні аю қуып келе жатыр еді.Түлкі бір үйге келіп тығылды.Аю да есіктен кіремін деп бөксесі сыймай кептетіліп қалды.Түлкі шығып алып оны әбден мазаққа айналдырды.

 

Бәрі күледі.

 

Балалар ойнап жүріп:   Жете алмай түлкіге

                                           Аю қалды күлкіге.

 

Балалар күліп, сахнаға кіріп кетеді.Сахна жабылады.

 

  III-көрініс.

 

Қойшы әдеттегідей ысқырып,қойын бағып жүргенде аю алдынан шыға келеді.

Аю:

-Ей , қойшы, ештеңе көрмедім,ешкімге айтпаймын деген уәдең қайда?

Енді сөзіңде тұрмағаның үшін мен сені жеймін.

Қойшы жалынып:

-Үш күнге рұқсат бер, үй-ішіммен, ағайын-туғанмен қоштасып келейін.

Аю:

Жарайды. Үш күнге рұқсат берейін.

Аю кетіп қалады.

Осы кезде көңілсіз әуен ойналып,қойшы басы салбырап, жылап отырады.

Қойшы:

- Аюды мазақтап нем бар еді?!  Тыныш жүргенде ештеңе болмас па еді?! Енді міне,ажал құшқалы отырмын.

Қасына түлкі келеді:

-Е,қойшым,неге жылап отырсың?

Қойшы:

-Ойбай неге жыламайын.Өткендегі аюдың мазаққа қалғанын айтамын деп басым пәлеге қалды. Бәрі сенің кесірің.Енді өлетін болдым.

Түлкі:

-Е,үндеме ,мен саған көмектесемін.Аюдан қалай құтылудың амалын табайын.Ал сен маған не бересің?

Қойшы қуанып:

-Ойбай,не қаласаң,соны берейін!

 

Түлкі қуланып:  Егер мен сені аюдан құтқарсам,сен маған өзіңнің бір бүйрегіңді      

                               бересің бе?

 

Қойшы қатты сасады, бірақ басқа амалы болмайды.

Қойшы:  Мейлі,берейін.

Сонда түлкі:

Аулыңа барып, демал.Ертең осы жерге кел де, аюды күт.Аю келгенде анау жерде шаңды бұрқыратып мен жүрейін, сонда аю сұрар " анау неткен шаң "деп, сонда сен  «Ол ханның баласы, әйеліне аю терісінен тон тіктірмекші болып, соны іздеп жүр екен» дейсің. Аю қорыққаннан қашып кетеді.

 

Екеуі уәделесіп,түлкі кетеді.Келесі күні қойшы аюмен кездеседі.Аю алыстан бұрқыраған шаңды кореді.

Аю:

-Қойшым, анау бұрқыраған не шаң?

Қойшы:

-Ол- ханның баласының шаңы. Әйеліне аю терісінен тон тіктірмекші болып,соны іздеп жүр

Аю:

-Ойбай,қойшым,онда мен тезірек қашайын!Тек сен мені коргеніңді айтпа!

 

Осыны алыстан байқап,күліп тұрған түлкі аю қаша жөнелісімен қойшының қасына келеді.

Түлкі:

-Қойшым, мен саған көмектестім,енді  сен уәдеңде тұр.Маған бір бүйрегіңді бер.

 

Қойшы қипақтап,жыламсырап белбеуін шешеді.Осы кезде үш күн бойы жөнді ұйықтай алмаған, жөнді тамақ ішпеген қойшының іші шұрылдайды.

Түлкі құлағын тіге қойып:

-О, не,қыңсылаған?

Қойшы:

-Түнеугүні бір тазының күшігін жұтқан едім.Сол енді үлкен тазы болып, ішімнен шығайын деп қыңсылап жатыр.

 

Түлкі қорқып кетіп:

-Ойбай,қойшым, ендеше, дос болайық.Тазы шығып кетпесін.

 

Осылайша түлкі қорыққанынан қаша жөнеледі.

 

Қойшы:  Ух,Бұл паледен де құтылдым ау.Түлкі қу болса, мен онан да         

                 қулығымды асырдым. Қой,балалар, асылы аман –сау тұрғанымда үйіме,  

                 еліме қайтайын. Дана халқым  «Тек жүрсең, тоқ жүресің» деп бекер  

                 айтпаған-ау. Қош,сау болыңдар!

 

Қойшы қоштасып кетіп қалады.Сахна жабылады.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 52 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 140

Похожие материалы