Шаруалар көтерілісі

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Шаруа көтерілістері. Зорлық пен дөрекі әкімшілік-сот бассыздығына наразылық білдіру тек ауыл шаруашылығы өндірісінің күрт құлдырауынан ғана көрінген жоқ.Қазақстанда, бүкіл елдегі сияқты қалың шаруа ашық қарсылық көрсете бастады, ол көптеген аймақтарда ұйымдастырылған қарулы көтеріліске ұласты. Ауылеңбекшілерінің алғашқы ұйымдасқан көтерілісі 1929 жылдың күзінде басталды. Айталық, қыркүйек айының аяғында кезекті астық дайындау науқанының барысындаСырдария округі, Бостандық ауданының Ұзын, Піскем, Жаңақырғыз қыстақтарында шаруалар көтерілісі бұрқ етті, оған 400-ден аса адам қатысты. Көтерілісшілер қатарында қазақ шаруалары, қырғыз бен өзбек диқандары да болды.

Бүлікті ұйымдастырушылар - Піскем қыстағының тұрғындары Талиб Мұсабаев, Бектай Халматов, Төлеген Азизов және басқалары. Көршілес Қырғыз аумағында орналасқан Шатқалы елді мекеніндегі дикандармен, сондай-ақ биліктің шектен шығуына наразылармен байланыс орнатты. Жөнсіз салынған салық, астық тапсыру жоспарының жоғарылығы (ауқатты деп аталған шаруашылықтың әрқайсысына 600 пұт астықтан) қырғыз шаруаларының жаппай көтерілуіне алып келді. «Жағдай күн сайын нашарлап барады, — деді Мұсабаев көтеріліс бола қалған жағдайда бірлесіп іс-қимыл жасау жоспары талқыланған бас қосуда. — Салық өсуде және астығымызды сыпырып алып отыр. Қыста аштықтан өлгенше, бір-ақ күнде бірден өлгеніміз жақсы...».

Көтерілісшілерді Богустан, Ситжак, Брич-Мула қыстақтарының шаруалары қолдады. Бірлесе қимылдай отырып, олар аудан орталығы Ходжакентті басып алды. Көтерілісшілер ауылдық кеңестің төрағасы мен бірнеше белсенділерді өлтіріп, сосын кооперативтерді, аудандық мекемелердің мүліктерін және т.б. талқандап, тонады. Алайда шаруалардың стихиялы бас көтеруі ұзаққа бармады: үш күннен кейін басылды. Оның 181 белсенді қатысушысы сотталды, ал 82-сі атылды.

Тап сол күндерді осыған ұқсас толқулар кезінде әкімшілік тұрғыда Қазақстанның құрамында болған Қарақалпақтың Тақтакөпір және Қоңырат аудандарында да өтті. Дабылды жағдай Ақтөбе округінің Табын және Ойыл аудандарында, сондай-ақ Гурьев округінің бірқатар аудандарында қамтыды.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 656 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 112

Похожие материалы