«ШЕҢБЕР.ДӨҢГЕЛЕК »

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алгоритмдеуге үйрету, математикалық ұғымдарды игерту , ой қорытуға машықтандыру.Алгоритмді қалыптастыру ойлау процесін тәртіпке келтіреді. Оқушылар үйренетін білім, іскерлік және дағды:  Шеңбер анықтамасын біліп, оның элементтерін қалай белгілеп жазылатындығын , оқушылар санасында дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл аудару. Сабақтың түрі: Алгоритмдік сабақ. Сабаққа көрнекі құралдар: интерактивті тақта, киіз үй суреті  т.б. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі: (оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.) 2.Жаңа материалды оқып үйрену: А)  Тапсырма:    АВ  кесіндісі мен   а түзуі  берілген. 1)  а- түзуінің бойынан    О  нүктесін таңдап ал, 2)   а -  түзуінің бойынан бір басы   О  нүктесінде жататын АВ –ға тен кесінді сал. 3)  Мынандай сұрақтарға жауап бер: а) Неше кесінді салуға болады      (екі кесінді ОС, ОС1) б) С және С бір нүктелері  О  нүктесінен қандай қашықтықта болады   (АВ) в) О нүктесінен  осындай қашықтықта болатын басқа нүктелер салуға бола ма?     (ия, бірақ олар  а- ның бойында жатпайды)  ШЕҢБЕР сызу  (көрсету, тақтаға сабақ тақырыбын жазу) г)  О нүктесінен бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден барлығы қандай фигура құрайды?     (шеңбер)    Анықтама: Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын фигура шеңбер деп аталады.      Берілген нүкте – шеңбердің центрі деп аталады. Б) Тапсырма: 1) Шеңберді сызыңдар, кез-келген бірнеше нүкте шеңбер бойынан белгілеңдер. 2) Оларды    А ,  В ,   С,  Д  әріптерімен белгілеңдер. 3)  Осы нүктелерді шеңбер центрімен жалғастырыңдар . 4) Алынған кесінділерді салыстырыңдар. 5) Есте сақта:  Шеңбердің нүктесімен шеңбердің центрін қосатын кез-келген кесіндіні радиус деп атайды. 6)  Шеңбер радиусын жаз.    ( АО = ВО = СО= ДО=R  , r) 7) Шеңберді    Ш(  О;R)   түрінде жазады. 8)  Шеңбердің кез-келген екі нүктесін кесіндімен жалғастыр. Есте сақта:  Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді хорда деп аталады.         (АВ , СД – хордалар) 9) Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр деп аталады.  (АВ=2R, белгіленуі     d    ,     о) 10) Шеңбердің бөлігі  доға деп аталады. Есте сақта :  «    »  белгіленеді.        АВ;      АСВ. 11) Шеңбердің элементтері :  центр, радиус, диаметр, хорда   доға 12) Жазықтықтың шеңбермен шектелген бөлігін дөңгелек деп атайды.   3.Сабақты бекіту:   (көрсетілген суреттер бойынша) а)   Шеңбер радиусын көрсет. б) Диаметрін көрсет. в) Хорданы көрсетіңдер. г)  О   , Д  және  С нүктелерінің орналасуы туралы не айтуға болады? д)  ОД   ,  ОС  және СД кесінділері ұзындықтарының қандай байланыстары бар? е)  Бұдан қандай қортынды шығаруға болады? ж)  Радиус  5 см болса, диаметр неге тең? з) Диаметр  20 см болса, радиусы неге тең?
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 32 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 244

Похожие материалы