Шығармашылық жоба "Тұлпар"

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Гобелен Шығармашылық жоба

Кіріспе Қолөнердің әсем туындыларының енбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылыма қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. «Қолөнер-мол өнер» дейді халық. Қазіргі жас шеберлерінің өздерінің жұмыстарына жана түр, жана ұғым туып, олардың идеялық мазмұндарын қайта жанғыртуда. Мұның өзі шеберлердің басым көпшілігі жан-жақты салауатты, білімді,өнердің түрлі салаларымен таныс адамдар екенін көрсетеді. Қолөнер деп тұрмысында жиі қлданылатын өру,тігу, мүсіндеу, тоқу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады.Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Гобелен –өнерінің шығу тарихы әр елдің әр халықтың өзіне тән тарихи,рухани сән салтанаты, салт дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасымен заман талабына сай өнердің тамыры теренге жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны көніл қуантарлық жай. Заман талабына сай жана өнерімен ұштастырып, шеберлікке үйретіп тәрбиелік мән беріп әсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы бар. Қолдан жасалған бұйымдарының, тоқыған кілемдерінің суреттерінде философиялық мағынасы бар, мәні де тереңде жатыр. Суреттермен безендірілуі, ою өрнектерімен олардың ғажайып реңдер үлесі мен әр бір адамға үлкен ой тастамай қоймайды. Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.

Жобаның көкейтестілігі: Гобелен ежелден қолданылып келе жатқан өнердің бір түрі.Гобелен өзінің құрылған композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр.Қолданбалы өнердің ішінде тек гобеленде ғана сан-салалы тәсілдер қолданылады.Ұлттық қолөнер бұйымдарының маңызы, мәні сәндік қолөнері халық тұрмысынан берік орын алған. Қазақ гобелені де дәстүр сабақтастығына қызмет ете бермек.


Жобаның мақсаты: Көне заманнан келе жатқан гобелен өнерін жоғалтпай әрі қарай жалғастыру Ұлттық нақыштағы сәндік гобелен өнерінің технологиясында жіптін түрлерін, жасалу жолдарын түкті кілем тоқу техникасын ашып көрсету.

Шығармашылық жоба:

Гобелен өзінің композициялық мазмұнымен көрікті және әдемілігімен ерекше.

Жобаның кезеңдері: Гобеленді зерттеудің кезеңдері бірнешеу. Машықтық сараман кезінде гобеленді құрастыру бірнеше кезеңнен тұрады, олар: жобалық суреттің нақты шешімін табу, бояу үндестігін үйлестіру, композициялық құрлымын анықтау.
I кезең (2013ж.)

  • 1 .Жетекші жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалды.
  • 2.Кітапханамен байланыс.
  • 3.Баспасөз ақпараттары, керекті материалдар қоры жинақталды.

II кезең (2013ж.)

Гобелен тоқудың технологиялық тәсілі меңгеріліп, жаңа заман талабына сай өзгерту жолдарын қарастырып, панно тоқылды.

III кезең (2014ж.)

Гобелен тоқудың әдіс тәсілін жан-жақты меңгере отырып, көлемі жағынан үлкен шығармашылық тақырыпта панно тоқу.



Гобелен өнерінің шығу тарихы.

Гобелен тоқу өнері сияқты кілем тоқу өнері ерте кезден көшпенділер тұрмысымен қатар дамыды. Әсемдік денгейде көп тараған қолөнер шеберлерінің туындыларының бір бөлігін гобелендер құрайды.. Көрмелерде қолөнер сан-түрлі күйде паш етілген. «Гобелен» деген кілем немесе суретті кілем деген мағынаны береді. Кілем тоқу өнері өте ертедегі ежелгі Египет, Грек скифтері дәуірінен бастау алған. Орта ғасырда қабырғаларда тоқыма суреттері мен безендіру кең таралған. Суреттермен безендіру қазіргі біздің қолданып жүрген гобелен деген сөз XIII ғасырда шыққан. Гобелен өнерінің шығу тарихы XV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция,Италия және Германия елдерінде дамыды. Кейінен Балтық жағалауында Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алған. Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдан басталды. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптың терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Қазақ гобелені әрқашанда дәстүрмен сабақтас қызмет етуге тиіс. Гобелен – кілем сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірбиелі суретшілер қолға алып,жаңа өрнекпен тоқиды. Гобелен негізін көркем шығармашылық туынды болып табылады.Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше.
Гобелен кілемінде белгілі тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді. Оның жай кілемдерден айырмашылығы суреттері мен түстерінде әсем тоқу ерекшелігі бар. Гобелен –кызық , әрі қиын өнер. Ол ұзақ ізденісті ыждағатты, қол енбегін қажет етеді Қазіргі кезде қолөнер туындылары қолға түспес бұрын асыл дүние, қымбат бұйымға айналды. Көз жауын алатын осындай дүниелерге сұраныс өсті. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері: Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема, Ә. Бапанова, К. Жұбаниязова, Б.Өтепов, Ш. Қажаханов тағы басқаларын атауға болады. Қазақ гобелен өнерінің атасы Құрасбек Тыныбеков 33 жыл қазақ өнерінің дамуына көп үлес қосты. Ол 1970 жылы республикалық көрмеге алғаш рет қатысқан. Украина Львов қаласындағы мемлекеттік сән және өнер институтының түлегі. 1770 жылы гобелен өнерін, елімізге танымал талантты суретшіміз Құрал Тыныбеков Прибалтика елдерінен әкелді. Қ. Тыныбековтың шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчествалық ізденісіндегі басты жетістігі классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрі мен сабақтастыруы болып табылады. Гобелен өздерінің терең философиялық мазмұны мен ерекшеленеді.

Гобелен өнерінің түрлері мен әдіс техникасы.

Қолөнердің әсем туындыларының енбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымға қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, неше түрлі қолөнер мен тоғысты. Гобелен тоқылатын бұйымына, сапасына, бояуының түріне қарай әр алуан атауларға бөлінеді. Тоқыма өнерінің бір өзі неше түрге бөлінеді.Атап айтқанда: текеметтер, сырмақтар, киіз басу, гобелендер.
Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды. Гобелен өнерінің түрлері де аз емес. Гобелен түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түкті кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілем тоқылғандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Негізінен қазіргі қолданыста көбінесе осы екі түрі өз талғамымен техникасы жанашалап тоқылып жүргендер аз емес.

Түк салу - жоғарыда аталған кілемдердің бәрі түкті кілемге жатады. ( әндіжан, бұхар, түркімен, парсы, араб.) Түкті кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді.
Теріп тоқу – желі бойынша түк салынбай арқау өткізу арқылы тоқылады. Түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай өткізілмей отырып тоқиды. Түкті гобелен – кенеп матаны ағашқа керіп, жобаны кенеп матасына түсіріп, инені сабақтап, шыққан жіпті түйіншектеп, жіпті шымшып ұстай отырып тоқиды.

Түстік сипаттама.

Қоршаған табиғи орта өзінің асқан сұлулығымен, ғажайып көркемдігімен, сан құбылатын бояу нақышымен көз тартады. Түс ұлттық дәстүрмен де байланысты. Темпераменті күшті оңтүстіктегілер ашық, қуанышты білдіретін түстерді ұнатады, ал солтүстіктегілер, керісінше қаралау, қарапайымдыларын ұнатады. Түстер жан – дүниеге түрліше әсер етеді: сары түс қуанышты білдіріп,
жылылықты сездіреді, бірде ылғалдық пен салқындықты сездіреді, жасыл адамды тыныштандырады, қызыл түс адамға ерекше бір салтанатты көрініс елестетеді. Жылы түстер – сары, қызғылт сары, қызыл. Бұл түстер жер бетіндегі жарық пен жылудың екі ғана көзі – от пен күн түсі. Жылы түстер тобына келесі түстер де жатады: қызыл қоңыр. Жасыл (көктем белгісі ) екі түскеде бағынышты. Жылы түстер ерекше сезімталдықты, қозғалысты білдіреді. Көк, күлгін көк аспан түсі. Ақ түс - бейбітшілік, адалдық, ақиқат, қуаныш, бақыт нышаны. Бояулардың қасиеттері бірін-бірі толықтыра күшейтеді, олар гармония құрайды.

Осы түстердің барлығы мынау гобеленде көрсетілген.

Уақыт талабына лайықты қабырғаға ілетін жылқы жылына арнап панно тоқыдым.Мен бұл жұмыстың тақырыбын «Тұлпар» деп атадым.Қазақтың кең даласы, жасыл жайлауда ақбозат шауып келе жатқаны бейнеленген . Жылқы малын қазақ халқы пір тұтқан. Жылқы – таза, кірпияз, судың тазасын ішіп, шөптің құнарлысын ғана жейтін жануар. Ең бас­тысы, жылқы өзіне басқаның үстемдік етуіне, тапап-талауына, аяқ асты етуіне жол бермейді. Жылқы – еркіндікті сүйетін, бостандықтың символы.
Жылқы — малдың патшасы, Халқымыз жылқы малын қадірлеген,
Жыр қылған мінез,көркін өлеңменен.
Батыры мен серісін еркелетіп,
Жылқы мінез,бір жүйрік,текті деген.

Гобеленнің орындалу барысы.

Ағаш рама(кергіш). Ағаш раманың размері гобеленнің размеріне байланысты. Рама мықты болуы керек. Рамка қозғалмас үшін бұрыштарына бұрыш жасайды . Гобеленде түрлі тоқыма жүн, мақта жіптер қолданылады.
Рамаға матаны керу. Келесі қадамымыз матаны кергішке керу. Рамаға тартылатын мата кенеп немесе наперник болғаны дұрыс. Мата жақсы тартылып керілуі керек. Бос болмай, орташа, созылмалы болмағаны жөн.
Тоқымаға дайындық. Біріншіден картонға салынған суретті жарықтың көмегін пайдаланып матаға көшіреміз не матаға бірден суретін саламыз.Біз инені қолдана отырып тоқимыз.

Тоқу барысында қателік кеткен кезде не істеу керек ?

Көркем тоқымада қателіктер болуы мүмкін. Бірақ оларды түзетуге болады.Мына әдістер:

1.Жіптің қысқа болуы. Қателік жіпті тартып тоқығаннан болады не жіп инеге сәйкес келмей қалың болғанынан болады. Ондай қателік болмас үшін, бос тоқу керек не жіпті ауыстыру керек.

2.Егер түстік жағынан қате жіберілген болса, қате жіберген жерді тарқатып, қайта тоқимыз.

Гобелен тоқу технологиясында, әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге тәрбиелеу мақсатында гобеленшілердің әдістерін қолдандым.

Гобелен тоқуда қолданылатын талаптар төмендегідей:

1.Жобалық суреттің нақты шешімін табу.

2.Композициялық құрылымын анықтау

3.Бояу үндестігін үйлестіру.

Гобелен тоқуда қажетті құралдар:

кергіш немесе ағаш рама, түрлі түсті тоқыма жіп, кенеп мата, біз ине, қайшы қажет. Әр құрал ыңғайлы орында орналасуы қажет.

Гобелен тоқу ол ұзақ ыждағатты, қол енбегін қажет етеді. Гобелен тоқуда бірден – бір қажет нәрсе – ой, қиял және де көздің майын тауысатын үлкен еңбек пен уақытты қажет етеді. Осы екеуі қосылса, іс нәтижелі болмақ

Гобелен тоқу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
1. Жұмыс барысында тоқыма бізден көз тайдырмау, басқа нәрсеге алаңдамау. 2.Жұмыс барысында инемен, бізбен қайшымен саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек. 3.Жұмыс барысында не істеу керек? құрал –жабдықтарды арнайы жерге қою;

  • -мұқият болу;
  • -саусақты инемен немесе түйреуішпен шаншып алмас үшін оймақ кию;
    - қайшыны арнайы қорапта сақтау.

4. Бұйым мен тоқитын адамның көзінің арасындағы арақашықтығы 30-40см болуы, ал шынтақ сәл бүгілген бір деңгейде жатуы керек.

5.Барлық құрал жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшікке жинау.

Гобелен тоқудың технологиялық картасы Жылқы жылына арналған «Түлпар» гобелені.Мөлшері : 80Х80 см

Операцияны орындау реті және мазмұны

Графикалық бейнес

Құрал-сайман жабдықтары

1.Матаны тоқуға үтіктеп дайындау

Мата, үтік, қайшы.

2.Арнайы дайындалған матаға жайлаудағы «Тұлпар» бейнесінің суретін салу М:1х1

Қарындаш, мата

3.Гобелен тоқуға жіп дайындау

Жіптер: сары, көгілдір,ашық, тоқ жасыл, ақ, қара.

4.Тоқыма бізін дайындау

Біз.

5.Алдынала дайындап салынған сурет бойынша тоқу әдістерін орындау.

Мата, жіп, біз, қайшы, рама.

6. Дайын, тоқылған бұйымды арнайы желім жағып көрк.

Желім, дайын бұйым. (ПВА)

7. Гобеленді өңдеп аяқтау

Дайын бұйым.

Қолдан жасалған бұйым және базардағы бұйымның айырмашылығы

Базардағы

бұйым

Бағасы өте қымбат

Ұнаған дизайнды табу қиын

Жасауға материалдар жеткілікті

Еңбек шығыны аз

Қолдан

жасалған бұйым

Жасалуы өте көркем өз қалауыңша

Экономикалық шығыны аз

Түс үйлесімдігі нашар

Сапасы күмән тудырады


Экономикалық есеп

Қолданатын бұйымдардың аты

Бағасы /теңге

Бұйымға қолданған мөлшері

Бағасының қосындысы

  • 1.Кенеп мата

300

300

2.Түрлі түсті тоқыма жіптер

120

100гр 12дана

1440

  • 3.Арнайы тоқу бізі

300

1 дана

300

  • Барлығы

2040

Жобаның құндылық бағасы еңбегімді ( 1000тн) қосып есептегенде 3040

Жұмысты орындаған уақытым қаңтар – ақпан

Экологиялық баға

Мен өз жұмысымды ұқыптылықпен тексере отырып экологиялық баға бердім.Орындалған бұйымға жұмсалған заттар экологиялық таза заттардан жасалынды. Пайдаланған кенеп мақта мата,тоқыма (мақта, жүн ) жіптері ешқандай аллергиялық құбылыс бермейді. Иісі жоқ. Сондықтан панноны бөлмелерді безендіруге қолданған өте дұрыс деп ойлаймын.

Жобаны, оқушы өзін- өзі және жетекшісінің, бағалау критерийлері:

Критерийлер

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағалау

А

Б

1.Жобаның тақырыбы мен жұмыстың сәйкестігі 2.Жоба жұмысын өзіндік ғылыми зерттеулерін жүргізу барысын түсіндіруі. 3. Жасалған бұйымның сапасы 4.Бұйымға қолданған заттардың жиынтығы 5.Көрнекі құралдардың жиынтығын қолдануын түсіндіруі. 6. Сұраққа жауаптары. 7.Таңдап алған бұйымның ерекшеліктері, қазіргі заман талабына сай сәйкестігі 8.Басқа пәндерден алған білімдерін қолдануын түсіндіруі. 9. Сөйлеу мәдениеті. 10.Технология пәні бойынша алған білімдерінің нәтижесі 11. Барлық баға жиынтығы.

5

4

5 5

5

5

4

5

5 5

48

5

5

5 4

5

5

5

4

5 5

48

А+Б/2= 48+48/2= 4,8

Жоба жетекшісінің пікірі: 9 сынып оқушысы Оңласын Мадина өзінің шығармашылық жоба жұмысын ізденіспен, қызығушылықпен орындап жоғары баға жиынтығына ие болды. Жұмысы үлгі ретінде мектеп шеберханасына алынсын. Жоба жұмысының жетекшісі Берхеева Феруза.

Қорытынды.


Қазақ халқы талай ғасырларда қиыншылықтың қырына қарамай кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар біздің өміріміздің зейнеті болуы үшін күрескенде неше түрлі азапты от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен өтті. «Өнерлі өрге жүзер» дейді халық, гобелен тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те болады.Бұл өнер қазіргі талғампаз адамдардың көңілінен шығып үлкен сұраныстарға ие болады деп ойлаймын. Қолөнер ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынысын қастерлеу- көзі ашық көкірегі ояу, ар намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы деп білемін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж.-24 бет

2.Ж.Дәуренбеков, «Қазақстан өнері» Алматы 1983 ж

3.Қ.Тыныбеков, «Қазақтың қолөнері»

4.Т.А.Лищенко, «Нетканный гобелен» 2005 ж

5. «Искусства Қазақстана» Алматы «өнер» 1982

6.И.Яреманың гобелені «Изобразильное искусства» 37-38бет

7.«Гобелен өнері» Егемен Қазақстан 2002 ж 6 бет

8.Мектептегі технология № 9 2008 ж 30-31 бет

9.Мектептегі технология № 10 2008 ж 6-7 бет

10. Шаңырақ энциклопедиясы

ен шығармаш жұм.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 7.49 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 207

Похожие материалы