Сұлулық сыры.

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:
Сабақтың тақырыбы:                                        Сұлулық сыры.   Сабақтың мақсаты: Балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын                                         шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін                                         дамыту, жан құбылысын сезімімен ойын көркем түрде                                         жеткізе білу талпынысын жетілдіру, сұлулыққа әдемі                                         киініп жүруге үйретіп қол моторикасын дамыту.   Көрнекілігі:                «Сұлулық салоны», сән үлгілері, қуыршақтар, айна,                                        тарақ , желім, қуыршақ көйлектері, бисерлер,                                        мойыншақтар, молина жіптер, ине жіптер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:  1.Сәлемдесу, балалардың көңіл – күйлерін сұрау.  2.Назарын сабаққа аудару.   ІІ. Жаңа сабақ :    Балалар бүгін біздің сабағымыз  «Сұлулық сыры» төңірегінде болмақ. Ендеше балалар сұлулықты әркім әр түрліше түсінеді, бірақ ол туралы жалпы түсінік бар. Табиғаттың сұлулығын шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Жер бетінде барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы адам көрінеді. Адам сұлу болу үшін іштей нағыз сұлу сезінуі керек. Мысалы: адам жмиып жүрсе, жылы келбетті көрінесіз, көңіліңізде көтеріледі. Балалар сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. Сонымен бірге тән сұлулығына басты назар аударған. Ертеде аналарымыз қыздары 7 жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған, 12 ге келгенде жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бой жетеді. Қыздары әдемі киініп, сымбатты өсірудің мәні бар. Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтар салдырлап жағымсыз дыбыс шығарған, сол кезде оқыс қылығын дереу қойған. Епті қимыл, әдемі жүрісті шолпы, моншақ таққан сыңғырлап, қыз әсемдігін ерекшендіріп тұрады.          Балалар, салауатты өмір салтын ұстанудың әдемілікке тиер пайдасы мол ма?
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 188

Похожие материалы