Здесь была ссылка на работу Спорт біздің досымыз автора Дуйсенбаев Бакытбек Еркинулы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу; жарыс арқылы өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, жауапкершілікке баулу. Барысы. І Ұйымдастыру бөлімі Жүргізуші: Саламатсыздар ма, ұстаздар мен оқушылар! «Денсаулық фестивалі – 2014» апталығының жоспарына сай өткелі отырған «Спорт –біздің досымыз!» тақырыбындағы эстафеталық жарысымызға қош келіпсіздер! Эстафеталық жарысымызға қатысушы командаларды ортаға шақырайық. 1 команда «Денсаулық», 2 команда «Жеңіс» . Командаларды жарыс кезеңдерімен таныстырайын: 1. «Ұр тоқпақ» сайысы 2. Әтештер төбелесі 3. «Кенгурулер» сайысы 4. «Жүйрік пойыз» сайысы 5. «Желаяқтар» сайысы Командаларымыздың жарысына әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін: 1. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мешітбаев Н 2. Тәрбие ісі меңгерушісі Карина Айгүл Ендеше командаларымыз дайын болса, жарысымызды бастаймыз!