Среднесрочное планирование уроков казахского языка
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Ниязова Жазира Амангельдиевна
|
Биылғы оқу жылына арналған мектептің даму жоспары бойынша біршама жұмыс атқарылды деп ойлаймын. Бұл жұмыстың бастамасы іс- тәжірибе кезеңінен басталды. Ең алғашқы қадамнан бастап аудан мектептерінің мұғалімдерімен тығыз байланыста болдық. Білім сапасын көтеру үшін басымдықтарды анықтай отырып, нақты мақсат пен міндеттерді қойып оқу үдерісіндегі жаңа технологияны кеңінен пайдаланып төмендегідей іс –шараларды жүзеге асырдық.
Мектеп ұжымына таныстырылым өткізіп, мені қолдап қуаттайтын ұстаздармен семинар –тренингтерді ұйымдастырып, жұмысты жоспарладық.
Ең алғашқы коуч сессия тәлімгер мен тәлім алушылардың арасында өткізілді. Мектеп ұйғыр тілді болғандықтан диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілін дамыту, логикалық ойлау қбілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білу, таныстырылым дайындау, жобаларды қорғау, ұстаздар мен оқушылардың , ата-аналар мен мұғалімдердің арасындағы қарым –қатынасты жақсарту мақсатында сауалнама алынып, топтық жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Оқуымыздың екінші кезең аяқталғаннан кейін ұстаздар арасынан шығармашылық топ құрылып қызу жұмыс жүргізілді.ІІІ деңгейде оқыған ұстаздар « Шебер класс» өткізіп, 7 модульді жүзеге асырып келеді. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу нәтижесінде олардың тілдері дамып, сөйлеу қабілеттері арта түсті. Ата-аналардан алынған сауалнамалар нәтижесінде балаларымен қарым-қатынастары біршама жақсарып, оқуға деген қзығушылығы жақсаруда деген жауаптарды алдық.
Мектепте ақпан айында аудан көлемінде «Инновациялық технологиялар аркылы әлемдік стандартқа жетеміз!» атты семинар – тренинг өткіздік . Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскері Д Р Сайрамбекова және аудан мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 51 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |