Сүт қалай ұйықтады ?
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жуманова Гульмарал Кабеновна
|
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? (О. Әубәкіров)
Мақсаты: 1. Автор О. Әубәкіровтің өлең - ертегісін түсініп оқуға баулу, өлең - ертегінің мәнін ашу, қорытынды ойды ұғындыру.
2. Байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын және шығармашылығын дамыту.
3. Оқушыларды сергек болуға, алғырлыққа, қисынды ойлауға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу, топтастыру, мәтінмен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. -Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Топқа бөлу:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.: Әр топтан «Салақтық» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беру.
1. Топ тапсырмасы:1.Керім қандай болды?
2.Керімге адамдар не деп айтушы еді ?
3.Керім ылғи қалай жауап қайтарады ?
4.Керімге жуынбағанның салдарынан не болды ?
5.Ол ауырғанда жұрттар одан не сұрайтын ?
1. Топ тапсырмасы : 1.Керім ауру болғанын қашан түсінді ?
2. Ауырып қалған жігітті қайда апарды?
3. Ем алғаннан кейін Керім қалай жазылды ?
4.Егер не істесең ауруға душар болмайсың?
5.Ауруханадан шыққан соң ол қайда жұмысқа тұрды?
1. Топ тапсырмасы: 1.Зауыттағы бояулар қандай болды ?
2.Қожасы Керімге нені бұйырды?
3.Керім кейін нанды қалай жейтін болды?
4.Жеп отырған нанына не жабысты?
5.Сосын Керімге не болды?
1. Топ тапсырмасы:1. «Салақтық» кімнің әңгімесі?
2. Автордың тағы қандай шығармасын білесің?
3.Салақтық сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз?
4.Мәтін неліктен «Салақтық» деп аталған?
5.Әңгімені қалай аяқтар едің?
Ассоциация әдісі: Біз қандай жаман әдеттерді білеміз?
ІІІ. Өткен сабақты бекіту «Көкпар» тарту ойыны. Ойынның шарты: Бұрынғы заманда көкпар ойнаған жігіттер өздерінің күшімен сыналса, бүгінгі біздің көкпарымыздың шарты бойынша біз біліміміз арқылы күш сынасамыз., Яғни көкпардың (серкенің ) мүйізіндегі іліуді тұрған сұрақтарға жауап берген адам көкпарды алып кетеді.
Сұрақтар оқу:
- Ы. Алтынсарин кім?
- Оның қазақ балаларын оқуға шақырған өлеңінен үзінді айт.
- Биыл 2 - сыныпта қандай әңгімелерін оқыдық?
- «Салақтық» сөзіне қарсы мағыналы сөзді ата
- Тазалық жайлы нақыл сөздер айт.
- Нелер у болуы мүмкін? (дәрілер, түрлі сұйықтықтар)
ІV. Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт) яғни бүгінгі сабакғымыздың тақырыбы сүтке байланысты болып тур.
- Бүгін Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» деген ертегі - өлеңімен оқып, танысамыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 740.3 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |