Құстар және үй құстары.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Аккожина Асемгуль Бахытовна
|
Тақырыбы: Құстар.Үй құстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның
ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау,құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы
білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, «Құстар әлемі» плакаты, «Құстар» көрініс,жұмбақ, т/б.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, баяндау, проблемалық, модульдық, «Ойға шабуыл»,топтастыру,т/б.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру . Психологиялық дайындық
-Сәлеметсіздер ме,балалар?!
Оқушылар:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем береміз біз.
II.Үй тапсырмасын тексеру:
-Балалар, бүгінгі сабақта әрбір тапсырмаға жауап бере отырып,өздеріне жұлдызшалар жинайсыңда.Жұлдызшалар жинай отырып бүгінгі сабақта өздерінді бағалайсындар. 5 немесе одан көп болса «5»-деген баға алады. Егер 4 жұлдызша болса «4»-деген баға, ал 3 жұлдызша болса «3»- деген бағалады. Ал, балалар 3 жұлдызшадан төмен жұлдызша жинамауға тырысайық.
Ойын: «Сиқырлы шаршылар»
1
6
4
9
2
8
5
7
3
Сұрақтары:
1.Жануарлар дегеніміз не?
2.Жабайы аңдар дегеніміз не?
3. Үй жануарлары дегеніміз не?
4. Үй жануарларына нелер жатады?
5. Неге сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?
6.Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
7.Қой –сөзіне дыбыстық талдау жаса.
8.Төрт түлік мал атасың атап шық.
9.Үй жануарларының адам өміріне қандай пайдасы бар?
III.Жаңа сабақ:
-Балалар, суретте нелер көрсетілген? -Дұрыс айтасыңдар, құстар. Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Құстар» деп аталады . Мақсатымыз : Қанатты құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы түсінік мағлұматтар алу.
- Балалар, қандай құстарды білесіңдер?
- Балалар,құстар жайлы не білесіңдер?
Тірек сызба: (жабайы құстар мен үй құстардың суреттері,оқушылар құстарды екі топқа бөледі)
- Балалар,суреттегі құстарды өз мекендеріне қоныстаңдырайық.
Жабайы құстар Үй құстары
- Балалар, құстар балапандарына ыңғайлы орын іздейді. Бірі батпақтан,енді бірі шөп-шалам,жүн-жұрқадан ұя жасайды. Құстар балапандарына қоректендіру үшін жем іздейді. Оны ұяға таста,күні бойы дамыл таппайды.Кейбір құстар балапандарын бауырына алыпқанатымен бүркіп,суықтан қорғайды.
«Ойға шабуыл» Жұмбақтар шешу (Суреттің көрсетіп,дауысын естірту)
Өзі сақ,өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көлдің көркі,сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Тоқ-тоқ етіп
Ағашты ояды.
Ондағы құрттарды
Тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. (Қарлығаш)
-Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Сергіту сәті:
Ұшатын құстар болса,қанатымызды қағамыз және ұшпайтын құстар
болса ,қанатымызды қақпаймыз.
Ұшатын құстар: қарға,сауысқан, торғай, бүркіт, қыран, бұлбұл,шағала.
Ұшпайтын құстар: түйеқұс,тауық,пингвин.
Тақтамен жұмыс:
-Балалар,құстар балапандарына қандай қамқорлық жасайды?
Венн диаграммасы:
V.Оқулықпен жұмыс
а)Мәнерлеп оқу (Құстар мәтіні)
VI. «Халық болжамдары»
- Балалар мен сендерге өткен сабақта құстарға байланысты ауа райына байланысты халық болжамдарын біліп келуге тапсырма берілген болатын,дайындалып келдіңдер ме?
(суреттерден құстарды көрсетемін,оқушылар сол туралы айтып береді)
· Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
· Торғай терезеге қонса, күн суытып, аяз болады.
· Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Аязды күні қанатын қақса, аяз сынады.
· Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады,
аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады.
VII. «Есіңе сақта!» айдарымен
Құстарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
· Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
· Құстарды атуға болмайды.
Құстарға байланысты сөзжұмбақ шешу:
1.Тақылдатып мазаны ап,
Ағаштарды тазалап.
Ормандарды емдейді,
Зиянкесті тазалап.
2. Тал басында түндіксіз отау.
3. Үстіне ақ қамзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып.
4. Аяғы түйеге ұқсайды,
Құс болса да ұшпайды.
5. Су бетін сызып,
Ақ құман жүр сүзіп.
6. Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты
т
о
қ
ы
л
д
а
қ
ұ
я
с
а
у
ы
с
қ
а
н
Т
ү
й
е
қ
ұ
с
А
қ
қ
у
қ
а
р
л
ы
ғ
а
ш
Шығармашылық тапсырма:
-Балалар, есепті шығара отырып үйректі бояп шығайық.
VIII. Қорытынды. Ойын : «Өз тобынды тап!»
Ұшатын құстар бір жаққа жиналады.
(қарға,сауысқан, торғай, бүркіт, қыран, бұлбұл,шағала)
Ұшпайтын құстар бір жаққа жиналады.
(түйеқұс,тауық,пингвин)
IХ.Бағалау.Балалар сабақ барысында қанша жұлдызша алғандарынды санап, бүгінгі сабақтағы білімдерінді бағалап шығайық.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 1.04 Mb |
Количество скачиваний: | 15 |