Статья ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

 

Бектоғаева Салтанат Оңғаровна

№264 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Қызылорда облысы. ҚР.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған болатын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді. Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында патриоттық cезімде тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Елімізге  бойында  ата-бабамыздың  ел мен  жерге  деген  сүйіспеншілік  қасиеті  дамыған,  егеменді  ілімізге  аямай  қызмет  ететін,  ой-өрісі  кең,  алғыр  да  жүректі, сауатты  да  салауатты  азаматтар  қажет»,  – деп,  жас  ұрпақ  бойындағы  ұлттық  патриотизмді  қалыптастыру  ісінің  ел  өміріндегі  маңызына  айрықша  көңіл  бөлген болатын [1, 12 б.].

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы  адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрісін байыту; отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту; оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану», – деп атап көрсетілген [2, 22 б.].

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих – жақсы мұғалім, ол халықтың  өзін-өзі  құрметтеуге қалай өтетінін есіне түсіреді» деген айшықты ойы Конфуцийдің  «Тарихқа  қарап,  жаңаны  жасауға  қабілетті  адам мұғалім болуға лайықты» деген тұжырымымен үндесіп жатқандығы білім мен ұлттық тәрбиенің таусылмас қазына мен парасат қоры екенін тағы да  айқындайды. Елбасының «Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен  Қазақстан бар. Оның көп ұлты, тату, ынтымақшыл халқы бар. Қуатты  экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге деген берік сенім бар», – деген  тұжырымы барлық негізге ие.

 

Қазақ халқының бір туар данышпаны Бұқар жырау «Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен» деген. Қазақ сонау  ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын «тек» деген ұғымға сыйғызып, ондай адамдарды «текті» деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық ерекшеліктерін қатаң ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ. Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс қалыптастыру – ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару  үшін олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс. Этнопедагогикалық  проблемалармен айналысушы ғалым А.Э. Измаилов: «Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс жүзінде тексерілген білімінің, мағлұматтарының, дағдыларының жиынтығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары, дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады» – деп атап көрсеткен[3, 25 б.]. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 53 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 125

Похожие материалы