Статья ««Пікірталас- оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру құралы»
Предмет:
История
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Рысбаева Гульдана Кабдылжагипаровна
Здесь была ссылка на работу Статья ««Пікірталас- оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру құралы» автора Рысбаева Гульдана Кабдылжагипаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Оқытудың жаңа үлгісі-пікірталас әдісі. Пікірталас-дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Коммуникативті пікір алмасу үлгісі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, әдістемелік нұсқалауларды басшылыққа алып, оны тарих пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізді. Пікірталас оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта өзара ашық қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп білім алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары сыныптарда тарих сабақтарында, «Адам.Қоғам. Қүқық.», «Қоғамдық білім негіздері» сабақтарында пікірталас әдісін кең қолданып келемін. Сабақта қолданатын пікірталас үлгісінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы бар және уақыты шектеулі. Оның ерекшелігі - белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсу, ақиқатқа жету жолын қарастыру, дәлелдерін салыстыру.Пікірталас технологиясын оқытудың маңызы төмендегідей:- қарама-қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;- әлеуметтік тілдің дағдыларын қалыптастыру;- дебат әдісі арқылы шешендікке алып келуі- оқушының дербестігін дамыту- таным қабілеттерін дамыту- өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру- білімге кұмарлығын, рухани сенімін күшейту.Поляк ғалымы Оконь айтқандай, пікірталас әдісі жоғары сынып оқушылары үшін тиімді. Осы әдіспен тарих, құқық сабақтары өткізілді: «Қазақстанда демократияның дамуы», «Тың игеру саясаты ақталды ма?», «Кеңес үкіметі бізге не берді?», «Біз қалай 20 млн. жетеміз?», «Дін қоғамға қауіпті