С.Торайғыров «Кедей» 4 класс

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Кедей»

Сабақтың мақсаты:СТО технологиясын қолдана отырып, дамыта оқыту сабағын ұйымдастыру.

   Сабақтың міндеттері; білімділік:өлеңнің негізгі ойын, идеясын меңгерте отырып, тарихи        кезеңдерге тоқталу. Оқушыларға  автор туралы мәлімет беру.

  дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту,шығармашылыққа баулу.

тәрбиелілік:Отанын сүюге,батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, сюжетті сурет, кестелер.

Типі: аралас сабақ

Түрі: топпен жұмыс

Әдісі: СТО стратегиялары,түсіндіру, тірек сызба

                                       Сабақ  барысы:

1.Психологиялық дайындық. Қызығушылықты ояту.

Қара достым жан-жаққа,

Дайынсың ба сабаққа?

Кітап, дәптер, қалам да,

Бәрі-бәрі орнында...

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқу түбі – тоқу

I – топ: Б.Майлиннің “Күлпаш”әңгімесінің мазмұнын сұрау

II – топ: Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

III – топ: Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Тест сұрақтары:

1.Б.Майлиннің “Күлпаш” әңгімесінде ел басынан өткен қандай  кезең суреттелген?

А. соғыс жылдары

Б.  ашаршылық  жылдары

В. жоңғар шапқыншылығы

2.Ашаршылық қай жылдары болған?

А. 1941-1945 жылдары

Б. 1936 жылы

В. 1930-1932 жылдары

3.Жырлағаным –кедейдің жыры,

Сырлағаным-кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір-

Мен дағы сол кедейдің бірі.

Бұл кімнің сөзі?

А. Б.Майлин

Б. Қабанбай батыр

В.  Б.Соқпақбаев

4. Ой қозғау;Тест тапсырмасының 3-ші сұрағындағы өлең шумағында қайталанып тұрған қандай сөз?

-Кедей..

-Олай болса, « кедей» сөзін естігенде көз алдымызға кімдер елестейді?

 

 

 

 

 

кедей

 

 

 

 

 

 

5.  Мағынаны тану.

1.Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру

              Кедей

Күзгі түн шөптің басын қырау көмген,

Ызғар шашып, бұлт  мынау жерге төнген

Қараңғы, ит  пен бірге қой күзетіп,

Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген

 

Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,

Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.

Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,

Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа.

2.Іштей оқу, тізбектеп оқу;

3.Алдын ала таратылып берілген қағаздардағы +, v,? Белгілерін соғып, не білетіндіктерін және не білмейтіндерін анықтайды.

4.Топтарда  толтырған кестелер арқылы пікір алысу.

5.Ұжым ішіндегі түсініксіз ұғымдарды , ақпараттарды бірлесе анықтау, талдау.

6. Сергіту сәті.

7.Ой толғаныс.

Әр  топ өздеріне берілген тапсырманы кестеге толтырады.Ойды дәлеледеп, өмірден мысал келтіреді.

 

                  I топ

           II топ

              III топ

Қазіркедей адам жоқ.

Қазіргі кезде кедей адамдар бар

 Аштық,кедейлік болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?

     

 

 

 

 

 

8.Еркін жазу. Оқушылар сұраққа жазбаша жауап береді.

Iтоп: Бұл өлеңді ақын неліктен “Кедей” деп атаған?

II топ: Кедей деп кімдерді атаған?

III  топ: Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнелеген?

9. Қосымша ақпарат беру. Тарих бетіне үңілсек...

Аштық жылдары

1921-1922 жылдардағы аштық

1930-1932 жылдардағы аштық

Болусебептері

1921 жылы жазда куаңшылық болып, малдың 80%-ы кырылды.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырады. ¥жымдастыру карсанында- 40,5 млн. мал болды. 1933 жылы 4,5 млн. мал қалды.

 

Зардаптары

Демографиялық жағдай қиындады. Халық саны l/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан көшіп кетті.

Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана калпына келді. 1930-1932 жылдардагы аштық тарихта «ұлы жұт» атанды.

 

10.Автор туралы мәлімет.

11.Бейнесюжеттер көру. Ашаршылық кезеңдердегі адамдардың тірлігі, кескін-келбеті..Суретке  байланысты мақалдар айту

Тауда туған құлынның

Екі көзі таста болар,

Ашаршылықта туған баланың,

Екі көзі аста болар...

 

12. Венн диаграммасы.

Оқушылар екі мәтінді салыстырып ұқсастығын табады.

 

  

Б.Майлин “Күлпаш”

               

С.Торайғыров“Кедей”

           Ұқсатығы

       

 

 

 

 

 

13. Бекіту.Бес жолды өлең;

1.Кім?-Кедей

2.Қандай?- Аянышты, жұпыны,

3.Не істеді?-Қой бақты.

4.Не үшін?- Күнін көру үшін.

5.Жалпы ойды түйіндеу-жоқшылық-түріндегі өлең шықты.

14.Қорытынды. Ел тәуелсіздігіне тоқталып бүгінгі күнге баға беру. Гүлденіп келе жатқан Қазақстанды көрсету.

 

15.Бағалау. Бағалау парағы бойынша топ мүшелері бағаланады.Әр топты жалаушалармен марапаттау.

16.Үйге тапсырма:   С.Торайғыров  «Кедей» өлеңін жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.78 Mb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 172

Похожие материалы