Суицид - тығырықтан шығар жол емес
| Предмет: | Начальные классы | 
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты | 
| Автор: | 
                        Жексенова Әйгерім Тасболатқызы
                         | 
                
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Қазіргі заманда адамдар өз міндеттері мен құқықтарын білетініне сенімді. Дегенмен, балалардың құқықтарына қатысты сауал туындаса, көп жағдайда толық жауап беруге дайын болмайды. Ойланатын жағдай: баланың құқықтарына      не        жатады?
    Тарихқа жүгінсек, 1924 жылы Ұлттар Лигасы Бала құқықтарының Женевалық декларациясын қабылдады, 1959 жылы БҰҰ /Біріккен Ұлттар Ұйымы/ Бала құқықтарының декларациясын қабылдады, 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Баланың құқықтары туралы Конвенция қабылдады. 1994 жылы Қазақстан бұл конвенцияны бекітті. Баланың құқықтары туралы Конвенция - әлемдегі балалардың құқықтарын қорғауын реттейтінмаңызды құжат.
    Қазақстан   Республикасында   баланың   құқықтары   туралы   заңнама   Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы           518-ІV                        Кодексі.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) | 
|---|---|
| Размер: | 20,4 КБ | 
| Количество скачиваний: | 18 |