Здесь была ссылка на работу Сын есім 2 сынып автора Ибраева Самал Макбузовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сынып:2 Пәні:Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: сын есім №8 Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сын есім бойынша алған білімдерін пысықтау. Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы дұрыс табуды меңгерту. 2. Алған білімдерін прақтикалық сабақтарда қолдана білуге шақыру 3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: қималар, үлестірме қағаздары. Түрі: бекіту сабақ Әдісі: деңгейлеп‑саралап оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын ояту, Сабақтың барысы: І. Бағдарлау‑мотивациялық кезең. 1. Қызығушылықтарын ояту -біздің дарқан дала жеріміз бар, кең байтақ еліміз бар ,шалқып тасып жатқан айдын көлдеріміз бар ,қазақ деген атымыз бар. Осындай байлықтырымызды бетке ұстар сендерсіңдер. Болашақ сендердің қолдарыңда. Көк туымызды көкке самғататын сендерсіңдер. Сондықтан сабақты мұқият тыңдап,білімдеріңді шыңдай беріңдер. 2. Психологиялық дайындық Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп, күлімсіреп, Біз сабақты бастайық. (оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру) 3. Үй жұмысын тексеру. Бір оқушыға оқыту. 4. Мағынаны ашу. -Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен негізгі және туынды зат есімдерді айра білуге қатысты жаттығулар орындаймыз. Көркем жазу. «Отан‑оттан да ыстық» Терме диктант Мен де балғын гүлмін! Арасында гүлдің, Ойнап бүгін жүрдім. Қызыл,көкшіл,сары‑ Әпөәдемі бәрі. Бірі сондай ірі, Ал нәп‑нәзік бірі. Дейтін көкем:‑Күнім, Дейтін апам;‑Гүлім. Енді ғана білдім‑ Мен де балғын гүлмін! · Сын есімдерді теріп жаз. ІІ. Операциялық –орындаушылық кезең ‑бүгінгі сабақта сендер тапсырмалар орындайсыңдар. Үш деңгейлік тапсырмалар болады. Әр деңгейлік тапсырмалардың ішінде екі‑үш тапсырмадан. Әр тапсырманы орындау барысында «бағалау парағына» белгі қоясыңдар. Сабақ соңында өздеріңді бағалайсыңдар. 1- Деңгейлік тапсырмаларды орындау Деңгейлік тапсырма Керекті сөздерді пайдаланып заттарды салыстыр: бал 1) Араб грамотасы. ....д...м... ...қш...л қ...мб..т Б ... ... к ж...с...лд...а ...р....с....н 2- Деңгейлік тапсырма А) Балық сүйегі. Қарсы сын есімдерді жаз. Сын есім Ақ арзан жеңіл биік ашық суық қараңғы Ә)Кестемен жұмыс сөздер Зат есім Сын есім етістік Мұздай Біл Аяз сулы Гүл шапты Сергіту сәті «Қара жорға » әуенімен би қимылдарын орындау. 3.Деңгейлік тапсырма 1. 445‑жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Сөз таптарына талда: Мен Алтайда тұрамын. Ауылдың іргесінде Бұқтырма өзені ағып жатыр. Айнала көк шалғын. Қалың ағаш. Түрлі өсімдіктің жұпар иісі мұрныңды жарады. Алыстан ақ бас шыңдар жарқырайды. Ержеткен соң, бүкіл еңбегімді осы жердің гүлдене беруіне арнағым келеді. Қорытынды: ‑сонымен сын есім тақырыбын қорытындылау үшін тест жазайық. Сын есім нені білдіреді? а) заттың түрін, түсін, сапасын ә) заттың қимылын, іс-әрекетін б) қимылдың қашан, қайда болғанын 2. Сын есім қай сөз табымен байланысады? а) етістікпен ә) сан есіммен б) зат есіммен 3. Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап. а) жіңішке ә) жұқа б) жуан 4. Сын есімнің сұрағын көрсет а) неліктен? қалай ә) қандай? қай б) қайтті? неғылды? 5. Қайсысы сын есім? а) дала, құм ә) ертең, биыл б) жүйрік, әдемі 6. Сын есімді тап. а) қышқыл ә) әкел б) екі 7. мына сөйлемде сын есім қайсы: Еріншек адам ештеңе істемейді А) адам ә) еріншек б) істемейді ‑бүгінгі сабағымызды қорытындылайық. ‑қандай тапсырмаларды орындадық? V. Үй тапсырмасы 443- жаттығу 157 бет Рефлексия Аты‑жөні І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей Баға Заттарды салыстыру Араб грамотасы Балық сүйегі Кестемен жұмыс Сөз таптарына талдау тест